Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Оралдағы мектеп жанында аялдама орнатылмай келеді
Дария Ғұмар жаңалық 12/11/2025

Оралдағы мектеп жанында аялдама орнатылмай келеді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Орал қаласының Гагарин көшесі бойында «№2 мектеп» аялдамасының орны 2024 жылдан бері бос тұр. Бұған наразы болған тұрғын Нұрсұлтан Мұқанов Sarapshy.info редакциясына жүгінді.

Оның айтуынша, жаңбырлы күндері аялдама маңы балшыққа батады, ал автобустар бұл жерге тоқтамай өтіп кетеді.

«Аялдама орнатуды сұрап жүргеніме бір жылдан асты. Алғашында бұл жерге тіпті автобустар тоқтамай жүрді. Кейін өзім әкімдікке хабарласып, аялдама белгісін орнатуды өтіндім. Бірақ аялдама павильоны әлі жоқ. Бұл әсіресе мектеп оқушылары үшін ыңғайсыз, қазір балалар сабақтарына жеткенше лай кешіп өтеді.

Кейде жүргізушілер белгіні байқамай балаларды келесі аялдамадан түсіріп кетеді. Екі аялдаманың арасы 500 метр.

Бұл жерде жаяу жүргіншілер жолағы да болған жоқ. Әкімдікке өтініш тастап, бірнеше күннен кейін салынды», – деді ол.

Орал қаласының әкімдігі тұрғынға аялдамаға қажетті материалдар дайын екенін және мердігер компания іздестіріліп жатқанын хабарлаған.

«Қазіргі уақытта №2 мектеп аялдамасының павильоны жөнделуде. Жөндеу аяқталған соң орнатылады», — деп жауап берді қала әкімдігі.

 Аялдама павильондарының бағасы неге құпия?

2025 жылдың сәуірінде қаланың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі (ТҮКШ ЖКжАЖ) қалада жаңа аялдамалар орнатуға кірісті. Жоспар бойынша Оралда 73 жаңа аялдама орнатылуға тиіс.

Мемлекеттік сатып алу порталында павильондардың бағасына қатысты нақты дерек жоқ. ТҮКШ ЖКжАЖ бөліміне аялдамалардың құнына қатысты сауал жолдаған umarovnews.kz ақпарат агенттігі де тиісті жауап ала алмады.

«Аялдама павильондарының бағасы жайлы ақпарат құпия түрде қалуға тиіс», — деп жауап берген Орал ТҮКШ бөлімі.

Облыс прокуроры: “Мектептердің айналасында жарық та, камера да жоқ”

Оралда қылмыстың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздік шаралары талқыланған жиында облыс прокурорының орынбасары Азамат Құстанов қаладағы мектептер төңірегін жабдықтау керек екенін айтқан.

Жиында облыс прокуроры Азамат Құстанов мектеп маңындағы қауіпсіздік ахуалына ерекше тоқталды.

«Қала орталығында орналасқан кей мектептердің жағдайы көңіл көншіте бермейді. Мәселен, N35 мектеп-лицей, N15, N24 мектептерге баратын жолдарда электр жарығы жоқ. Қаланың басқа аудандарында қауіпсіздік мәселесі де алаңдатады. Мәселен, N5 орта мектеп оқушылары гараж кооперативтері аумағы арқылы өтеді. Ал қалада 60 бейнебақылау камерасы мүлдем жұмыс істемейді. Бұның бәрі қылмыс жасауға қолайлы жағдай туғызып отыр», – деді ол.

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
2025 Аялдама павильондары БҚО БҚО ТҮКШ бөлімі мектеп Мектептегі қауіпсіздік Орал
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.