Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 1 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Оралда шорт-трек шеберлері жыртық төсеніште жаттығып жүр
Нұрлыбек Рахманов sarapshy.info 12/07/2023

Оралда шорт-трек шеберлері жыртық төсеніште жаттығып жүр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Орал қаласында шорт-трек шеберлері  шұрық-тесігі шыққан матраста жаттығуға мәжбүр. Төсеніштер 20 жылдан бері ауыстырылмаған, әбден тозған.

Бұл туралы Facebook әлеуметтік желісінде журналист Аслан Қажкенов жазды.

-Оралдағы шорт-трек шеберлері жаттығатын жер. Біреу білсе, біреу білмес, отандық шорт-тректің негізі осында қаланған. Яғни, ұлттық құрамадағы бұрынғы және қазіргі қыз-жігіттердің түгелдей дерлігі осыннан шықты. Тіпті, әлі күнге дейін негізгі резерв осы жақтан алынады. Ал енді олардың жаттығатын жағдайын қараңдар. Мына төсеніштерді қолданып жүргеніне 20 жылдан асыпты. Оны балалар мұзға өздері тасиды, өздері орнатады. Жаттығу біткесін өздері жинайды және сол жерде жыртығын жамайды. Масқара ғой. Осыларды естіп, көңілім түсіп кетті. Не деген сорлылық? Не деген бейшаралық?-делінген журналист жазбасында.

Аслан Қажкенов «Отандық спортқа жауаптылар, қала берді, облыстық спортқа жауаптылар не дер екен? Жағдайды білесіздер ме? «Бәрін керемет қылдық, бәрін қырып-жойдық» деп есеп бергенде, алдарыңа жан салмайсыңдар. Қай елде әлі күнге дейін осындай төсеніштер қолданады? Қай елде болашақ чемпиондарына осындай жағдай жасайды? Сөз жоқ…» деп спортқа жауапты шенеуніктерді де сынға алған.

Шорт-трек жаттықтырушысы Нұржанар Жұмағалиева жыртық төсенішті пайдаланып жүргендеріне біраз жыл болғанын айтады.

-Жыртық матраста жаттықтырып жүргеніміз рас. «Төсеніштерді жаңартамыз» дегендеріне біраз болды. Айтады, бірақ ауыстырмайды. Өздеріңіз келіп, көрсеңіздер де болады,-деді қысқа пікір білдірген Нұржанар Жұмағалиева.

 

Sarapshy.info тілшісі Батыс Қазақстан облысы спорт басқармасының баспасөз қызметіне хабарласып, бұл мәселеге қатысты пікір білдіруін сұраған.

-Бұл мәселе бойынша хабардармыз, осы жылдың соңына дейін шорттректен жаттығу жағдайын жақсарту мақсатында алдағы маслихат сессиясында қаржы мәселесі қарастырылып, жаңа құрал-жабдықтар (маттар) алынатынын хабарлаймыз,-делінген басқарманың жазбаша жолдаған жауаптарында.

Есенжол Елекенов

 

 

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025
sarapshy.info

Қазақстанда үйленетін жұптар неке қию үшін көбіне тамыз айын таңдайды

28/06/2025
sarapshy.info

Берденов Respublica партиясының тең төрағасы қызметінен кетті

26/06/2025

Жаңа мақалалар

Баку Ресейге неге наразы?

Әлем жаңалықтары 30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

жаңалық 30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

sarapshy.info 30/06/2025

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметін тоқтатады

жаңалық 30/06/2025

Шымкенттегі «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС мемлекет меншігіне қайтарылады

жаңалық 30/06/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Баку Ресейге неге наразы?

30/06/2025

Қазақстанда қоғамдық орында бет-аузын тұмшалап жүруге тыйым салынды

30/06/2025

Антикор Алматыда жер учаскесін заңсыз жолмен сатуды ұйымдастырған департамент басшысын ұстады

30/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.