Батыс Қазақстан облысының №2 Бәйтерек аудандық соты Орал қаласындағы аурухана дәрігерлерінің салғырттығы науқастың өліміне әкелді деп танып, марқұмның туыстарының пайдасына 3 миллион теңгеден астам өтемақы өндіру туралы шешім шығарды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Іс материалдарына сәйкес, 2022 жылдың наурыз айының соңында 45 жастағы әйел жұқпалы аурумен ауырып, Орал қалалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлердің емдеу шараларына қарамастан, оның жағдайы нашарлап, бір аптадан кейін қайтыс болған.
Қайғылы оқиғадан кейін марқұмның анасы мен әпкесі моральдық зиянды өтеуді сұрап сотқа шағымданды.
Тексеру барысында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті науқасты емдеу және бақылау кезінде бірқатар заң бұзушылықтарға жол бергені анықтады. Атап айтқанда, дәрігер кәсіби міндетін дұрыс орындамай, науқастың медициналық құжаттарын бұрмалаған.
Сот аурухананың үш дәрігерін сапасыз медициналық көмек көрсеткені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартты.

