Орал қаласында әкімдік алдында аштық жариялаған 62 жастағы белсенді Бекболат Өтебаевты полиция ұстады. Бұл туралы жергілікті “Уральская неделя” порталы хабарлады.
29 қазанда Өтебаев әкімдік ғимаратының алдында “Аштық. Бейбіт жиын өткізу құқығын талап етеміз” деген плакатпен наразылық танытқан.
Белсендінің айтуынша, ол елдегі қымбатшылыққа қарсы митинг өткізуге төрт рет өтініш бергенімен, әкімдік оның ешбір өтінішін мақұлдамаған. Осыған байланысты ол өз наразылығын аштық арқылы білдіруді жөн көрген.
фото: freepik.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

