Оралда 399 млн. теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі анықталды

Орал қаласында 399 млн. теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру фактісін Қаржылық мониторингі агенттігінің қызметкерлері анықтады, деп хабарлады аталған агенттіктің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында «Электромонтаж» АҚ филиалының директоры Б.У.Сәрсенбаев және Орал қаласының құрылыс бөлімі басшысының орынбасары А.Е.Исманов қылмыстық іске қатысушы екені анықталған. Қаржылық мониторингі агенттігінің қызметкерлері Орал қаласының ЕТЖ «А» тұрғын ауданын электрмен жабдықтау» объектісінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге арналған ақшаның ұрланғанын анықтады.

Күдіктілердің кінәсі сотта дәлелденді. Қалалық құрылыс бөлімі басшысының орынбасары А.Исманов ҚР ҚК 371-бабы 2-бөлігінде көзделген мемлекеттік органдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 2 жылға бас бостандығы шектелді. Ал оның серіктесі Б.Сәрсенбаев ҚР ҚК 195-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес 2 жыл қамауға алынып, ұйымдарда және коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

 sarapshy.info

сурет: yvision.kz

Әлеуметтік желілер арқылы бөлісуді ұмытпаңыз

Добавить комментарий