Осыдан 25 жыл бұрын Оралда болған адам өлтіру қылмысы ашылды.
– Жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен оны орындаушы ұсталды. Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында болған. Онда екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан, — деп мәлімдеді ІІМ.
Белгілісі қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған.
– Тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмады. Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегі қалпына келтіріліп, күдіктілерді анықтау мүмкін болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды, — деп атап өтті ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Іс «Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі» бабы бойынша жүргізіліп жатыр.
Ресми статистика
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2024 жылы жалпы қылмыстың 5,3%-ға (140 272-ден 132 778-ге) төмендеуінің оң динамикасы байқалады.
Бұл ретте өсу Маңғыстау облысында 12,2% -ға (3097-ден 3474-ке), Атырау облысында 8,5%-ға (4283-тен 4647-ге), Павлодар облысында 5,6%-ға (5039-дан 5322-ге), Қызылорда облысында 4,6%-ға (2871 – 3003), Ұлытау облысында 2,8%-ға (1278-ден 1314-ке), Алматы облысында 1,6%-ға (10223-тен 10385-ке) және Ақмола облысында 0,7%-ға (5084-тен 5120-ға) дейін байқалды.
Ең көп қылмыс Алматы – 24 965 (18,8%) және Астана қалаларында – 17 339 (13,1%), Алматы – 10 385 (7,8%) және Қарағанды – 7 562 (5,7%) облыстарында жасалған.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың жалпы санынан 34% алаяқтық (45 156), 23% – ұрлық (30 593), 6,3% – есірткі қылмысы (8 363), 1,2% – тонау (1 551), 1,2% – бұзақылық (1 615), 0,8 % – мал ұрлығы (1 051), 0,4 % – адам өлтіру (566), 0,3% – зорлау (421), басқа құқық бұзушылықтар – 32,7% (43 462).
Бас прокуратураның дерегіне сүйенсек, онша ауыр емес қылмыстар – 7,6%-ға (21 826-дан 20 178-ге), ауырлығы орташа қылмыстар – 16,8%-ға (58 874-тен 48 992-ге) және ауыр – 2,2%-ға (37 548-ден 36736-ға) төмендегені байқалады.
Сонымен қатар ұрлық – 28,3%-ға (42 639-дан 30 593-ке), оның ішінде ұялы телефон ұрлығы – 30,9%-ға (10 530-дан 7 273-ке), пәтер ұрлығы – 33,5%-ға (3 566-дан 237-ге), көлік ұрлығы – 42,2%-ға (258-ден 149) айтарлықтай төмендеген.
Сондай-ақ мал ұрлығы да – 30,9% (1520-дан 1 051-ге) азайған.
Суреттер: видеодан скриншот, Polisia.kz