26 қазанда тікелей Алматы – Мәскеу бағыты бойынша жүретін пойыз жолға шықты. Аталмыш бағыттағы пойыз 8 жылдан кейін іске қосылды. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Пойыз Саратов станциясында Дербент-Мәскеу пойызына тіркеледі. Мәскеуден кері бағыттағы алғашқы рейс 30 қазанда жолға шықпақ.
Пойызға биыл отандық «ЗИКСТО» зауытында өндірілген заманауи жолаушылар вагондары қосылды. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға арналған арнайы вагондар бар.
Мәскеуге жол тартқан пойыз Қазақстанның Тараз, Қызылорда, Шымкент, Ақтөбе және Орал қалаларына тоқтайды.
Қозғалыс кестесіне сәйкес 26-30 қазан аралығында пойыздар жұп күндері жүреді, ал 1 қарашадан 13 желтоқсанға дейін тақ күндері қатынайды.
фото: ҚТЖ

