ОПЕК+ ұйымы қазан айынан бастап мұнай өндіру көлемін көбейту туралы келісімге келді. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
Басылым дерегінше, мұнай өндірісі тәулігіне кемінде 135 мың баррельге дейін ұлғаяды. Сондай-ақ қазан айынан бастап мұнай көлемін күніне 200 мыңнан 350 мың баррельге дейін арттыру қарастырылып жатыр.
ОПЕК+ – мұнайды сыртқа шығарушы елдер келісімі. Қазір ұйым құрамында Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт, Қазақстан, Алжир мен Оман бар. Жексенбі күні осы елдердің өкілдері онлайн-форматта бас қосады.
Биыл Қазақстан Теңіз кен орнындағы кеңею жобасына байланысты ОПЕК+ бекіткен мұнай өндіру нормасын бірнеше рет асырған. Бұл ұйымға көшбасшы ел Сауд Арабиясының наразылығын туғызды. Премьер-министр Олжас Бектенов бұл жағдайға қатысты мәлімдеме жасады.
«Біз Теңіз кен орнындағы серіктестерімізден өндіріс көлемін азайтуды талап ете алмаймыз. Себебі олар жобаның кеңеюіне 49 млрд доллар инвестиция салды, демек табыс табуды көздеп, инвестицияларының қайтарымын күтеді», – деді ол.
фото: istockphoto.com

