Құрамына Beeline Қазақстан бренді кіретін VEON холдингі OLX.kz қосымшасының 100% үлесін 75 млн долларға сатып алды. Бұл туралы холдингтің баспасөз қызметі хабарлады.
Мәмілені Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мақұлдауы қажет.
VEON өкілдерінің айтуынша, елдегі ең ірі онлайн хабарландыру алаңының Beeline экожүйесіне интеграциясы қызметтердің аясын кеңейтіп, жаңа аудиторияны тартуға мүмкіндік береді.
Қазақстанда 2014 жылы пайда болған OLX.kz қосымшасын қазіргі кезде ай сайын 10 млн адам қолданады.
фото: veon.com
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

