29 қыркүйекте президент Қасым-Жомарт Тоқаев Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевты қызметінен босату туралы жарлыққа қол қойды.
Бейсембаев бұл лауазымды 2023 жылғы қаңтардан бері атқарып келді.
Министр қызметіне мәжілістің бұрынғы депутаты Жұлдыз Сүлейменова тағайындалды. Ол – «AMANAT» партиясының және әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі. Бұған дейін «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жобасының дамуымен айналысқан.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

