Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 21 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Құны 3,5 млрд теңге: экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы заңсыз иеленген үш компания елге қайтарылады
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 05/09/2024

Құны 3,5 млрд теңге: экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы заңсыз иеленген үш компания елге қайтарылады

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару саласында жүргізген прокурорлық тексерудің нәтижесін жариялады.

Прокуратура бұрынғы Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлынан тағы үш компанияны қайтарып алмақшы. Министр заңсыз иеленген компаниялардың нарықтағы құны 3,5 млрд теңгені құрап отыр.

«2019 жылы бұрынғы Мәдениет министрі Мұхамедиұлымен үлестес жеке компанияның пайдасына 332 млн теңгеге Су және қолданбалы спорт түрлері бойынша республикалық жоғары спорт шеберлігі мектебі салынады. Алматы қаласында орналасқан кәсіпорын сатылғанға дейін 662 млн теңгеге бағаланған. Бірақ кешеннің нақты нарықтағы құны – 1,213 млрд теңге. Алматы қаласы прокуратурасының талап қоюы бойынша сот кәсіпорынды сатып алу-сату шартын жарамсыз деп таныды», — деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Сонымен бірге Астана мен Алматыда прокурорлардың талап қоюы бойынша бұрынғы Мәдениет министрімен байланысты компанияларға 3,5 млрд теңгеден астам сомаға сатылған тағы үш объектіні мемлекет меншігіне қайтару туралы сот талқылаулары жүріп жатыр.

Айта өтсек, экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы «Дипломат» қонақүйі және Ұлттық музейге қатысты қылмыстық іс бойынша кінәлі деп танылып, 11 жылға сотталған еді.

Ал 5 шілде күні Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның адвокатына қатысты сот үкімі аппеляциялық тәртіпте қаралып, өзгеріссіз қалғаны хабарланды.

Жалпы Бас прокуратура мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру саласында тексеру жүргізіп, 4,8 млрд теңгеден астам сомаға мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы талап қойған. Бұл сома ішінде жоғарыда аталған іс те бар.

«Тексеру шеңберінде Ұлытау облысының прокуратурасы Қарағанды мемлекеттік мүлік департаменті басшыларының бірін сотқа берді. Ол мемлекетке 184 млн теңгеге залал келтіруге әкеп соққан мемлекеттік меншік объектісін иеліктен шығару кезінде немқұрайлылық танытқаны үшін айыпталып отыр. Тексеру қорытындысымен Бас прокуратураның ұсынуы бойынша жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар үшін мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 35 лауазымды адамы, оның ішінде өңірлік департаменттердің бірінші басшылары жазаланды», — деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Сурет: primeminister.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Бас прокуратура Заңсыз иеленген компаниялар Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.