Нигерияның Замфара штатында Кадаури кен орнындағы шахта опырылды. Куәгерлердің айтуынша, қайғылы сәтте жер астында 100-ден астам кенші болған.
Куәгерлердің айтуынша, Мару ауданы аумағындағы шахта 25 қыркүйекте қазба жұмыстары жүріп жатқан кезде құлаған. Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр.
Құтқарушылар кемінде 13 адамның мәйітін жер үстіне алып шықты. Апаттан 15 адамды ғана аман алып қалу мүмкін болды. Олардың кейбірі құтқару жұмыстары кезінде олардың кейбірі тұншығып көз жұмған.
Замфарада заңсыз алтын өндіру кең тараған. Кен орындарын көбіне қарулы топтар бақылайды.
фото: freepik.com

