Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Вторник, 8 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»«Нәтижеге қол жеткізуге емес, қаражатты игеруге басымдық берілген» – Абай облысында борышты басқару аудиті жүргізілді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 30/09/2024

«Нәтижеге қол жеткізуге емес, қаражатты игеруге басымдық берілген» – Абай облысында борышты басқару аудиті жүргізілді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Жоғары аудиторлық палата Абай облысында мемлекеттік борышты, сондай-ақ жекелеген квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын басқару тиімділігіне аудит жүргізді.

ҚР Жоғары аудиторлық палатасы өткен жылы республикалық деңгейде осындай аудит жүргізіп, жергілікті атқарушы органдар борышының көлемі соңғы бес жылда 2,5 есеге өскенін анықтады. Жергілікті жерлерде борышты бақылау және басқару жүйесінде айтарлықтай жүйелі проблемалар мен кемшіліктер бар.

Осыған байланысты облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың тексеру комиссияларына 2024 жылы тиісті аудит жүргізу тапсырылған.

«Абай облысында 2022-2023 жылдары жинақталған борыш көлемі 69 млрд теңгеден асып түсті. Оның ішінде биыл 30 сәуірдегі жағдай бойынша 16 млрд теңгеден астамы өтелген. Кредиттеу бағыттарының құрылымында құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларындағы бағдарламалардың үлесі басым. Өңірде жүргізілген аудит 12 объект пен 20,7 млрд теңгеден астам соманы қамтыды. Атап айтқанда, аудит барысында өңірдің алты квазимемлекеттік сектор субъектісі 224 млн теңгеден астам сомаға қарыздардың сыйақы сомасын және негізгі борышын уақтылы өтеу бойынша міндеттемелерді орындамағаны анықталды. Тағы үш аудит объектісі бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу кезінде 711 млн теңгеден астам сомаға бухгалтерлік заңнаманы бұзуға жол берген», — деп мәлімдеді Жоғары аудиторлық палатадан.

Өңірлік деңгейде борышты басқару процесін Абай облысының қаржы басқармасы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бірлесіп жүзеге асырады. Алайда мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылдың құрылған алгоритмі өңірдің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету үшін сапалы және уақтылы шешім қабылдауға мүмкіндік бермейтінін тексеру нәтижелері көрсетіп отыр.

«Бірде-бір мемлекеттік орган борыш бойынша стратегияның тиімділігіне және оның өңірдің қаржылық жағдайына тигізетін әсеріне тұрақты талдау жүргізбейді. Мемлекеттік борыштың бюджетке, экономикалық өсуге және басқа көрсеткіштерге қалай әсер ететіні туралы бағалау жоқ», — делінген аудиторлық қорытындыда.

Аудиторлардың бағалауына сәйкес қарыз қаражатын пайдалану шеңберінде жүргізілетін жұмыс көбіне олардың игерілуіне бағытталған. Бұл ретте жұмсалған қаражаттан нақты нәтиже мен экономикалық тиімділік алуға жеткілікті көңіл бөлінбейді.

Жалпы аудит қорытындысы бойынша 1,1 млрд теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды.

Бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану 6,1 млн теңгені, тиімсіз жоспарлау 143,3 млн теңгені құрады.

Рәсімдік сипаттағы 21 бұзушылық анықталды.

Ықтимал шығындар мен жіберіп алған пайда 20,6 млн теңгені құрады. Аудит объектілеріне тиісті ұсынымдар беріліп, бұзушылықтарды жою үшін ұйғарымдар шығарылды.

Еске салсақ, осыған дейін Жоғары аудиторлық палата бюджет шығыстарын жоспарлауда кемшіліктер барын анықтады.

«Жалпы 4,6 трлн теңгені қамти отырып, талдау қорытындысы бойынша 117 млрд теңгені қайта бөлу, 12,2 млрд теңгені қосымша қарастыру, 3 млрд теңгені оңтайландыру ұсынылады», — деп мәлімдеген еді Жоғары аудиторлық палатадан.

Сонымен қатар аудиторлық палата «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингін, сонымен қатар компаниялардың еншілес мекемелерін тексеруді бастады.

Сондай-ақ өнеркәсіпті дамытуға бөлінген 25,9 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалғаны анықталды.

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Aудит қорытындысы Абай облысы Жоғары аудиторлық палата
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

07/07/2025
sarapshy.info

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

04/07/2025
sarapshy.info

Парамен ұсталған екі вице-министр сот санкциясымен қамауға алынды

03/07/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

sarapshy.info 07/07/2025

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

Әлем жаңалықтары 07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Экология 04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

Шолу 04/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

07/07/2025

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.