Атырау қаласының Талғайран ықшамауданында салынғанына бес жыл болған үйлердің қабырғалары жарылып жатыр, деп шағымданды тұрғындар. Олардың айтуынша, құрылысқа жауапты мердігер компанияның құрылтайшыларының қатарында мәжіліс депутаты бар.
«Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлердің іргетасы бүлінген. Коттедждерді «БатысАльянсСтрой» компаниясы тұрғызған. Компанияның негізін салушылар қатарында кезінде мәжіліс депутаты болған Әділ Жұбанов бар.
Құрылыс компаниясы өз қаражаты есебінен зерттеу жүргізбек. Бірақ тұрғындар тәуелсіз сараптама талап етіп, үйлер апатты деп танылса, орнын өтеуді сұрап отыр.
Әділ Жұбанов 2023 жылы «Аманат» партиясының мәжіліс депутаты болып сайланды. «БатысАльянсСтрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2002 жылы Атырау қаласында құрылған. Таяуда компания Атырау облысының әкімдігімен құны 4 млрд теңге болатын келісімге қол қойған.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

