Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Саясат»Министрлер кабинетінде БҚО-дан шыққан шенеуніктер жоқ – БАҚ
Гүлмира Сарсенғали Саясат 03/09/2025

Министрлер кабинетінде БҚО-дан шыққан шенеуніктер жоқ – БАҚ

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарынан шыққан бірде-бір шенеунік министр портфелін ұстамаған. Қазақстан үкіметінде басшылық қызметті 26 адам атқарады. NewTimes.kz министрлердің шыққан тегі туралы қызық дерек ұсынды.

Саясаткерлердің басым бөлігі Алматы қаласы мен Алматы облысынан шыққан. Оның ішінде: Олжас Бектенов – премьер-министр, Қанат Бозымбаев пен Мұрат Нұртілеу – вице-премьер және сыртқы істер министрі, сондай-ақ Ермек Көшербаев – вице-премьер.

Батыс Қазақстаннан шыққан жалғыз саясаткер – Серік Жұманғарин. Ол Ақтөбе өңірінің тумасы. Қазір ұлттық экономиканы басқарады, сондай-ақ премьер-министрдің орынбасары қызметінде.

Үкімет мүшелерінің шамамен 40%-ы – еліміздің оңтүстік өңірлерінің тумалары. Бір қызығы, Түркістан облысынан шыққан бірде-бір министр жоқ. Қызылордалық Ғалымжан Қойшыбаев – вице-премьер (үкімет аппаратының басшысы), Ақмарал Әлназарова – денсаулық сақтау министрі, ал Ғани Бейсембаев – оқу-ағарту министрі.

Жамбыл облысынан: Нұржан Нұржігітов – су ресурстары және ирригация министрі, Нұрлан Сауранбаев – көлік министрі.

Ал Роман Скляр болса, Павлодар облысында туған.

26 министрдің ішінде тек үшеуі ғана – әйел. Олар – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Министрлердің ішінде ең жасы үлкені – 1961 жылы туған экология министрі Ерлан Нысанбаев.

Ал ең жас шенеуніктер: ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов пен цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев (1983 жылы туған), сондай-ақ туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов (1984 жылы туған).

Бір жылда туған министрлер қатарында Серік Жұманғарин, Қанат Бозымбаев, Ғани Бейсембаев және Дәурен Қосанов бар. Барлығы 1969 жылы дүниеге келген.

Фото: Primeminister.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2025 Алматы облысы Қазақстан Қазақстан үкіметі Қанат Бозымбаев Мемлекет Олжас Бектенов роман скляр Серік Жұманғарин
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.