Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қаржы»Микроқаржылық ұйымдардың қызметін реттеудегі мемлекеттің рөлі қандай?
Дария Ғұмар Қаржы 16/07/2025

Микроқаржылық ұйымдардың қызметін реттеудегі мемлекеттің рөлі қандай?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес 2024 жылы қазақстандықтар микроқаржылық мекемелерге 1387 млрд теңге қарыз екені анықталды. Қоғамдық орындарда микронесие ұйымдарының жалтылдаған жарнамасы бірден көзге түсетіні рас. Шын мәнінде, олар қазақстандықтардың біраз бөлігін күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырып отыр. Бұл мәселенің алдын алуға бола ма? Мемлекет не шешім қабылдады?

Микронесие – жеке тұлғаларға немесе шағын кәсіпкерлерге қысқа мерзімге және аз сомаға берілетін қарыз. Мұндай несиелер дәстүрлі банк қызметтеріне жүгіне алмайтын адамдарға ұсынылады. Қазір микронесие алу тәртібі тым қарапайым. Бұл адамдарды қызықтырып, жоғары пайыздық қарыздардың тұзағына батырады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың екінші жартысында Қазақстанда 227 микрокредиттік ұйым тіркелген.

Микронесие алып, қарызын төлеуге қиналған Нұрлан есімді азамат өз оқиғасын жариялауға келісті:

Сәуір айында жұмысымда қызметкерлер санын қысқарту басталды. Өкінішке қарай, бұл тізімге мені де қосты. Пәтерімнің ақысын төлеуге және азық-түлік алуға қаражатты енді қайдан табамын деп қынжылдым. Алматыда тұрамын, ал бұл жерде жұмыс табу оңай емес. Күнкөрісіме 100 000 теңге  шамасында қажет болып, ақшаны жан-жақты іздестіре бастадым. Банк кредит бермейтін болды. Біраз уақыттан кейін интернетте көзім «15 минутта несие береміз» деген хабарламаны шалып қалды.  Содан соң, M. компаниясына жүгіндім: сайтына сұраған ақпаратын енгізіп едім, бірнеше минуттан кейін керек соманы шотыма аударды. Бір ай өткен сон несиенің пайызы өсті. Пайыздары мен айыппұлдары қосылып, қарызым 200 000 теңгеден асып кетті. Қарызды төлеу қиынға соққаны рас. Артымнан коллекторларды жіберіп, қоқан-лоқы көрсете ме деп те қорықтым. Сол кезде жұмыс табылып, бірінші жалақымнан барлық қарызымды өтеп тастадым. Ал еселеп өскен ақшасын әлі қайтара алмай жүргендер қанша?..

Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы жолдауында тұтынушылық шағын несие портфелінің көрсеткішін төмендету мен борышкерлердің құқығын қорғау шараларын қолға алуды тапсырды. Осылайша сомасы 50 АЕК-тен аспайтын несиелердің айлық өсімі 25%-дан 15%-ға  дейін төмендетілді, ал күнделікті мөлшерлеменің шекті деңгейі 1%-дан аспауы керек деп бекітілді.

2024 жылдың 21 желтоқсанынан бастап елімізде микроқаржы омбудсманы институты құрылды. Бұл мекеме қазақстандықтардың микронесиелерге байланысты дауларын, оның ішінде мерзімі өткен қарыздарды реттеу және коллекторлық агенттіктермен туындаған мәселелерді шешумен айналысады. Алайда сотқа жолданған істер мен заңды күшіне енген сот актілері омбудсманның кәсіби құзыретіне кірмейді. Жеке тұлғалар үшін бұл қызметтер реті тегін. Омбудсман қабылдаған шешімді микроқаржылық ұйым мен несие алушы 30 күн ішінде орындауға міндетті.

Жаңадан сайланған омбудсман Назгүл Естеусізовадан сұхбат алып, Қазақстандағы микроқаржылық ұйымдардың жұмысы туралы сөз қозғадық.

– Сізге микроқаржылық ұйымдардың жұмысына байланысты көбінесе қандай шағымдар келіп түседі?
– Азаматтар көбінесе несиелерінің үстіне қосылған жасырын комиссиялар мен айыппұлдарға шағымданып жатады. Сондай-ақ, кейбір коллекторлар қарызды өндіруде дөрекілік көрсететінін атап өтеді.

–  Сіз омбудсман болып тағайындалғанға дейін МҚҰ қызметін қадағалайтын қандай нормалар не өкілетті органдар болды?

–  Қазақстанда 2012 жылы «Микроқаржылық қызмет туралы» заң қабылданды. Жыл сайын бұл заңға өзгерістер енгізіліп отырады. Соңғы өзгеріс кезінде «Микроқаржы омбудсманы» тарауы қосылып, бұл қызметке сәйкес міндеттемелер айқындалды.

–  Микронесие саласына қатысты қандай шараларды ұйымдастыру жоспарыңызда бар? Олар оң нәтиже беруі үшін не істемексіз?

– Ақша шұғыл қажет болғанда халық амалсыздан микронесиеге жүгініп жатады ғой. Бірақ нағыз проблема — бұл қарызды өтеу. Алған соманы үстіне қосылған пайызымен қосып төлей алатыныңызға сенімді болмасаңыз, жақсылап ойланыныңыз. Қазір халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесулер өткізіп, азаматтардың сұрақтарына жауап беріп жүрмін. Мәселеңізді Микроқаржы омбудсманының сайтына жазып, өтініш қалдыру мүмкіндігі де бар. Біздің қызметкерлер сізбен жедел түрде байланысқа шығады.

Микронесиенің үстінен қосылатын пайыздардың түрі көп. Оларға номиналдық мөлшерлеме, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ), сақтандыру төлемдері, сондай-ақ айыппұлдар мен өсімпұлдар жатады. Халықтың біраз бөлігі тек банк атаған пайыздық өсімге мән беріп, өзге мөлшерлемер туралы ойлана бермейді. Микроқаржылық ұйымдар көбінесе құжаттарын түсініксіз тілде жазады, сондықтан қарапайым адам үшін қосымша төлемдер мен пайыздарды анықтау қиынға соғуы мүмкін. Кейде қарыз алушылардың өздері асығыстық танытып, келісім шартты толық оқымай, маңызды тұстарын назардан тыс қалдырады.

Бұл саланы тереңінен ұғу үшін Экономикалық зерттеу институтының басшысы қызметін атқарған Ерлан Каримовтың пікірін біліп, мәселені шешудегі мемлекеттің рөлі туралы не ойлайтынын сұрадық:

«Аталмыш ұйымдардың қарыз сомасының үстінен қосатын пайызы 100%-дан артық болмауы керек, бірақ кей ұйымдар көрсеткішті 1000%-ға жеткізгені белгілі болды. Микронесиелер екінші реттік банкқа жүгіне алмайтын не шоты бұғатталған азаматтар үшін таптырмас шешім болып көрінеді. Қазір заң жүйесі микроқаржылық ұйымдарды қатаң бақылауды қолға алды, бірақ олар қызмет көрсеткеніне, операторлық  шығындарға не сізге несие беріп, тәуекел еткеніне өтемақы сияқты қулықтармен қалтасын қалыңдатуға тырысып жатыр. Өзім қаржылық сауаттылықты дамытуға бағытталған тренингтер жүргіземін, сол жерлерде қарызға батып, қолындағы барынан айырылған адамдарды кезіктіріп жүрмін. Мемлекет халыққа тиімді пайыздармен несие берудің жаңа жүйесін қолға алса деймін».

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі мен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микрокредиттік ұйымдар туралы деректерді жариялап отырады. Ұлттық банк сайтында белгілі бір ұйымның лицензиясы бар-жоғын тексеру мүмкіндігі бар: микроқаржы ұйымдары туралы мәліметтер тізімін жүктеп, керек мекеменің атын жазсаңыз олардың қазіргі жағдайы менлицензияларындағы өзгерістер туралы мәліметтерді оңай табуға болады. Бұл тізімде 1401 МҚҰ тіркелген. Мемлекеттің ресми сайттары, мысалы, электронды үкіметтің ашық деректер порталы қазіргі таңда толық лицензиясы бар микроқаржы ұйымдарының тізімін жариялады. Аталған ашық дереккөздердіпайдалану әр азаматқа микроқаржы ұйымдарының сенімділігін тексеруге және қаржылық сауаттылық пен қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

фото: istockphoto.com

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
«Микроқаржылық қызмет туралы» ҚР заңы Екінші ақпарат Ел экономикасы қарыз микроқаржы ұйымдары Микронесие
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
жаңалық

БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты

25/11/2025
жаңалық

БҚО-да 30-дан астам мемлекеттік нысан жекенің қолына өтеді

24/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.