Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 21 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»«Медсақтандыру қаражаты азайып, емханаларда кезек көбейді» — депутат
Наргиза Ерес жаңалық 27/03/2025

«Медсақтандыру қаражаты азайып, емханаларда кезек көбейді» — депутат

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Депутат Асхат Аймағамбетов үкімет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жарнаны толық төлемей отырғанын айтты. Ол бұл туралы телеграм арнасында жазды.

Депутат азаматтар мен жұмыс берушілер ай сайын жалақының 2% және 3%-ынан жарна төлейтінін, егер төлем жасалмаса, адам медициналық көмектен бірден қағылатын айтады.

«Қаржы министрлігі жарнаны орташа емес, медиандық жалақыдан есептейді. Бұл — заң бұзушылық. Орта есеппен жүйе жыл сайын 250 млрд теңге жоғалтады. 2024 жылы тіпті осы азайтылған жарнаның жартысы ғана төленген. Соның салдарынан денсаулық сақтау жүйесі 2024 жылы 500 млрд теңгеден астам қаражаттан қағылды», — дейді депутат хабарламасында.

Депутаттың айтуынша, медициналық сақтандыру жүйесіне түсуі тиіс қаражат азайғандықтан емханалардағы кезектер көбейіп кетеді, анализ тапсыру мен дәрі-дәрмек алу қиындайды, мыңдаған адам уақытында медициналық көмек алмайды.

«Бұдан бөлек, 15 санаттағы азаматтар бар: зейнеткерлер, балалар, студенттер және тағы басқалар. Олар үшін жарнаны мемлекет төлеуі тиіс. Заң бойынша — орташа жалақының 2%-ы көлемінде», — дейді Аймағамбетов.

Депутат қарапайым азамат жарнаны төлемесе, бірден жүйеден шығарылып, медициналық көмектің тоқтатылатынын сынады. Ал мемлекет өз жарнасын толық төлемей жатса да, ешқандай жауапкершілік қарастырылмағанын айтады.

Орташа жалақы – елдегі барлық жалақының жалпы сомасын қызметкерлер санына бөлу арқылы есептеледі.

Медиандық жалақы – елдегі жалақы мөлшерін төменнен жоғарыға қарай реттегенде дәл ортасында тұрған жалақы. Бұл көрсеткіш орташа жалақыдан әрдайым төмен болады.

 

Сурет: Орталық коммуникациялар қызметі

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Асхат Аймағамбетов депутат жұмыс берушілер Заң бұзушылық Қаржы министрлігі МӘМС медициналық сақтандыру Үкімет
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.