Оралдың әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты полиция майорын мас күйінде қызметтік көлік басқарғаны үшін кінәлі деп таныды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Инспекторлар майорды тоқтатпақ болған, алайда ол талапты елемей, қашуға тырысқан. Сот офицерді мас күйінде көлік жүргізу және полицейдің заң талабын орындамағаны үшін кінәлі деп тапты.
Нәтижесінде майор жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, 157 28 теңгеге айыппұл төлеуге міндеттелді.
Қазір ол қызметінен босатылып, әкімшілік іс тәртіптік шара тағайындау үшін полиция департаментіне жіберілді.
2025 жылдың шілдесінде БҚО-да құмар ойынға бас тіккен 16 мемлекеттік қызметкер жұмысынан айырылды.
фото: istockphoto.kz

