Мас күйінде көлік жүргізген Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы Ербол Найзабеков қызметінен босатылды. Бұл жөнінде облыс әкімдігінің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
2024 жылдың қазан айының 1-і күні Оралда Найзабеков Volkswagen Tiguan автокөлігімен «Mercedes» көлігіне және Skoda Rapid пен «ВАЗ-ға» соқтығысқан. Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша Найзабековтың алкогольдік ішімдік ішкені, орта дәрежеде мас болғаны анықталды.
БҚО полиция департаменті ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік іс қозғады. Жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу қорытындысы сотқа жіберіледі.
«Мемлекеттік қызметкерлердің қызметтік әдеп қағидатын бұзғаны үшін Е. Найзабековке қатаң сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Қазіргі уақытта осы уақытқа дейін атқарған қызметінен босатылды», — деп хабарлады БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
2024 жылдың қазан айында Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметінің басшысы Ербол Найзабеков мас күйінде көлік айдап, бағдаршамда тұрған үш көлікті соққан. Көліктің бірінде болған жолаушы қыз аяғын баса алмай қалған. Ол туралы отандық телеарнаның бірінде қыздың анасы шағымданған.
Сурет: коллаж Liter.kz