Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Мұрат Нұртілеу Сыртқы істер министрі лауазымынан босатылып, Қазақстан Республикасы президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Нұртілеу Сыртқы істер министрлігін 2023 жылдың көктемінен бері басқарып келген. Ол әр жылдары президент әкімшілігінің жетекшісі және премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.
Министрліктің жаңа басшысы болып премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев тағайындалды.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде желіде Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны және оның үйінде тінту жүргізілгені туралы ақпарат тарады. Кейін Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров бұл хабарламаны жоққа шығарды.

