Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Ұлттық қор неге бюджет демеушісіне айналып кетті?
Нұрсұлтан Ерболатұлы Шолу 04/08/2025

Ұлттық қор неге бюджет демеушісіне айналып кетті?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстан экономикасының кейінгі жылдардағы құрылымына көз жүгіртсек, ұлттық қордың рөлі барған сайын күшейіп келе жатқанын байқаймыз. Алғашында болашақ ұрпақтың игілігі үшін жинақталуы тиіс болған бұл қаржы резерві бүгінде мемлекеттік бюджеттің басты донорына айналып отыр. Соңғы деректер мен графиктер осы үрдістің қаншалықты жүйелі сипат алғанын айғақтап тұр.

Трансферттер мен түсімдер тепе-теңдігі

Бірінші диаграммада көрсетілгендей, 2015 жылдан бері Ұлттық қордан бюджетке аударылатын трансферттер көлемі біртіндеп артып, 2020 жылға қарай 4,8 трлн теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш пандемия салдарынан күрт ұлғайса, 2022 жылы 4,6 трлн теңге аударылғанымен, қордың өз кірісі алғаш рет (6,4 трлн теңге) трансферт көлемінен асып түсті. Дегенмен бұл оң үрдіс тұрақты сипат алған жоқ: 2024 жылы трансферттер тағы да түсімнен жоғары болды (5,6 трлн vs 3,8 трлн теңге). Бұл қаржылық саясаттың әлі де қоры көмекшісіз тұрақты табыс көздеріне сүйене алмай отырғанын көрсетеді. Биыл орталық бюджеттің жыртығын жамау мақсатында ұлттық қордан 5 250 млрд теңге трансферттеу жоспарланған.

Мұндай жағдайдың қалыпты құбылысқа айналуы – мемлекет шығындарының құрылымы мен фискалдық саясаттағы әлсіздік белгісі. Ұлттық қордың «қазаны» қанша терең болғанымен, шексіз емес. Ал оны үнемі жамап-жасқау мақсатында пайдалану – болашақ ұрпаққа салынатын экономикалық ауыртпалық.

 

Қор кірісі: тұрақты ма әлде құбылмалы ма?

Екінші диаграмма – Ұлттық қор активтерінің жылдық кірістілігін көрсетеді. 2001 жылдан бері қордың орташа кірістілігі +3,6% болғанымен, жекелеген жылдардағы теріс көрсеткіштер үрей туғызады. Айталық, 2022 жылы кірістілік – 10,35% болып, бұл қор тарихындағы ең үлкен теріс мәнге айналды. Нарықтағы жаһандық тұрақсыздық пен геосаяси шиеленістер әсер етпей қоймады.

Дегенмен 2023 жылы +11,38% көрсеткішпен рекорд жаңартылды. Бірақ мұндай құбылмалы динамика қор кірісінің тұрақты, болжамды емес екенін аңғартады. Яғни Ұлттық қордан үміт еткен табыс көлемі үкімет үшін сенімді тірек бола алмайды.

 

Актив көлемі: үнемдейміз бе, жұмсаймыз ба?

Үшінші графикке қарасақ, Ұлттық қордың валюталық активтері 2014 жылы $73,5 млрд көрсеткішке жетіп, шарықтау шегіне шыққан. Алайда кейінгі жылдары бұл көрсеткіш жүйелі түрде төмендеді. 2021 жылы $57,6 млрд, 2022 жылы $52,6 млрд, ал 2024 жылы $59 млрд деңгейінде. Бұл – мемлекеттің қордан алу көлемінің түсім мен инвестициялық табыстан асып түсіп жатқанын білдіреді.

Ұлттық қордан жыл сайын мол трансферт алу, әсіресе әлеуметтік, инфрақұрылымдық және ағымдағы шығындарды жабуға пайдалану – елдің экономикалық тәуелсіздігіне қауіп төндіреді. Бюджеттің құрылымында тұрақты кірістердің (салық, квазимемлекеттік сектор дивидендтері, өндірістік табыстар) үлесі әлсіз, ал шығындар көлемі жыл сайын өсіп келеді.

Президент межесі орындала ма?

Ұлттық қордың басты мақсаты – болашақ ұрпаққа жинақ жасау және экономиканың сыртқы шоктарға төзімділігін сақтау болатын. Алайда қазіргі таңда бұл мақсат екінші кезекке ығыстырылып, қор қысқа мерзімді бюджет тапшылығын жабуға бағытталып отыр.

Қордағы активті 2029 жылға дейін 100 млрд долларға жеткізу — Президент орындауды тапсырған, бірақ нақты саясатты талап ететін мақсат.

2029 жылға қарай ұлттық қордың көлемін 100 млрд долларға жеткізу — бұл Қазақстанның экономикалық саясаты үшін аса маңызды әрі амбициялы мақсат. Қазіргі қарқын мен тарихи трендті есепке ала отырып, бұл межеге жету оңай болмайды.

Қазіргі көлемі — 59,1 млрд доллар. Алдағы бес жылда жыл сайын 8 млрд доллардан астам таза өсім керек.

Бұл үшін

  • Трансферттерді қысқарту керек  – бюджет Ұлттық қорға тәуелді болмауы тиіс.
  • Инвестиция тиімділігін арттыру – қор кірістілігі 6–7%-ға жетуі керек.
  • Мұнайдан тыс түсімдерді көбейту – экономиканы әртараптандыру қажет.

Қауіп: егер трансферттер бұрынғыдай жалғаса берсе, бұл мақсат орындалмайды.

Шешу жолы: фискалдық тәртіп, ашықтық және нақты экономикалық реформа.

Не істеу керек?

  1. Бюджеттік тәуелділікті азайту – Ұлттық қордан трансферттер көлемін заңмен шектеу керек. Қазірдің өзінде бұл трансферттер ЖІӨ-нің елеулі бөлігін құрайды.
  2. Экономиканы әртараптандыру – Кірістердің негізгі көзі мұнай болғандықтан, энергия тасымалдаушыларға тәуелділікті азайту – басты бағыт.
  3. Салық реформасы – Көлеңкелі экономиканы қысқарту, салық базасын кеңейту арқылы бюджетке түсетін түсімді арттыру қажет.
  4. Ұлттық қорды басқару тиімділігі – Қор активтерін басқаруда тәуекел мен табыстылық теңгерімі сақталуы тиіс. Бұл инвестициялық стратегияның ашықтығы мен кәсібилігін талап етеді.

 

P.S. Ұлттық қор – Қазақстанның ең құнды қаржылық ресурстарының бірі. Алайда қазіргі қолданылу үлгісі оны стратегиялық резерв емес, бюджеттік демеуші ретінде қарастырып отыр. Егер бұл үрдіс жалғаса берсе, келешекте қор сарқылып, елдің сыртқы қауіп-қатерге қарсы иммунитеті әлсіреуі мүмкін. Экономикалық қауіпсіздік пен қаржылық дербестік үшін ұлттық қорға «жедел жәрдем» көзі емес, ұзақмерзімді тұрақтылықтың діңгегі ретінде қарауымыз қажет.

фото: ЖИ-генератор

Автор

  • Нұрсұлтан Ерболатұлы

    2018 жылы Алматы қаласындағы Нархоз университетін "қаржы” мамандығы бойынша (бакалавр), 2020 жылы UIB университетінде "қаржы және банк ісі" мамандығы бойынша (магистратура) білім алды. 2021 жылы “Forte bank” АҚ мененджер AWD қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары ECA 50 ұйымында дата-аналитик болды. 2024 жылдан бері kursiv.media, sarapshy.info порталында сарапшы ретінде мақалалар жариялайды.

    Барлығын қарау
активтер бюджет Бюджет қаражаты Екінші ақпарат Ел экономикасы қаражат қор макроэкономика Ұлттық қор
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
жаңалық

БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты

25/11/2025
жаңалық

БҚО-да 30-дан астам мемлекеттік нысан жекенің қолына өтеді

24/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.