Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 11/10/2024

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25% деңгейінде өзгеріссіз қалдырды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Ұлттық банктің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені жылдық 14,25% деңгейінде сақтау туралы шешім шығарды.

Жылдық инфляция шілдеде өскен соң тамыз, қыркүйек айларында байыппен төмендеуін жалғастырған. Айлық инфляция орташа тарихи мәндерден және көктем кезі мен жаз басында байқалған деңгейлерден жоғары қалыптасып отыр. Инфляцияның орнықты бөлігі төмендеп келеді, бірақ оның қарқыны әлі де баяу.

«Қыркүйек айында халықтың инфляция бойынша болжамы өсті. Сыртқы ортаның тәуекелдеріне әлемдік нарықтардағы азық-түлік бағасының өсуі және Ресейдегі жоғары инфляция жатады. Экономика ішіндегі проинфляциялық қысым фискалдық ынталандыру, тарифтердің өсуінің жалғасуы, орнықты ішкі сұраныс, сондай-ақ инфляция бойынша болжамның артуы есебінен сақталып отыр.

Ортамерзімді перспективада инфляция бойынша 5% мақсатқа қол жеткізу ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді. Тәуекелдер балансы проинфляциялық жаққа ығысып отыр. Инфляцияның орнықты бөлігі тұрақты түрде төмендесе және фискалдық алшақтықты қаржыландыру мәселесі тиімді әрі жүйелі шешімін тапқан жағдайда базалық мөлшерлемені байыппен және теңгерімді түрде төмендетуге мүмкіндік болады», — деп хабарлады Ұлттық банк.

Жылдық инфляция әлі де таргеттен едәуір алшақ болып тұр. Дегенмен қыркүйек айында ол 8,3%-ға дейін төмендеді. Жалпы инфляцияның динамикасы Ұлттық банктің болжамына сәйкес келеді. Азық-түлік тауарларының неғұрлым төмен инфляциясы баға өсімінің баяулауына үлес қосып жатыр. Дегенмен ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі өнімдерін өндірушілер бағасы, сондай-ақ импорттық баға қайта өсе бастады.

Жылдық инфляцияның құрамында жүргізіліп отырған «Тарифті инвестицияға айырбастау» бағдарламасы және бірқатар нарықтық қызметтердің қымбаттауы аясында ақылы қызметтер бағасы ең жоғары өсімді көрсетті.

Айлық инфляция қыркүйекте 0,4% болып, орташа тарихи мәннен жоғары қалыптасты (0,3%). Маусымдық факторлардан тазартылған жалпы және базалық инфляция көрсеткіштері көктемде және жаз басында байқалған деңгейден жоғары қалыптасып келеді.

«Халықтың инфляция бойынша болжамы қыркүйек айында өсіп, құбылмалы болды. Биылға сарапшылардың инфляция бойынша болжамы да 8%-дан 8,4%-ға дейін өсті. Орталық банктер қатаң саясат ұстанғандықтан, жаһандық инфляция біртіндеп баяулап келеді. Алайда әлемдік нарықтарда азық-түлік құны өсіп келе жатқаны байқалады. Қыркүйек айында ФАО-ның баға индексі есепке алатын барлық азық-түлік бағасы көтерілді. Сондай-ақ өткен айда дәнді дақылдардың бағасы жекелеген экспорттаушы елдерде қолайсыз күн райының қаупіне байланысты өсті. Сыртқы ақша-кредит шарттары байыппен жұмсарып келеді. АҚШ ФРЖ инфляцияның төмендеуіне, сондай-ақ еңбек нарығының қалыпқа келуіне байланысты 2020 жылдан бері алғаш рет негізгі мөлшерлемені төмендетті. ЕОБ қыркүйек айында мөлшерлемелерді төмендеткенмен, оның риторикасы өзгерген жоқ. Яғни реттеуші инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізуге қанша уақыт қажет болса, сонша уақыт ақша-кредит шарттарын шектеп ұстауға ниеттеніп отыр», — делінген ҰБ хабарламасында.

Ал Ресей банкі болса, жоғары инфляция мен проинфляциялық тәуекелдердің күшеюі аясында негізгі мөлшерлемені 19%-ға дейін тағы 100 базистік тармаққа көтерді. 2024 жылы Ресейде инфляция болжамнан асып түсуі ықтимал деп күтіледі. Осыған байланысты реттеуші негізгі мөлшерлемені жуырдағы отырыста кезекті рет көтеру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

2024 жылғы қаңтар-тамыз айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі ж/ж 4,4%-ға бағаланады. Өндірістің өсуі экономиканың барлық негізгі салаларында байқалып отыр. Атап айтқанда құрылыс, көлік және байланыс салалары ең жоғары өсуді көрсетті. Ішкі сұраныстың орнықтылығы бөлшек сауданың айтарлықтай жедел өсуімен расталады және фискалдық ынталандырудың жалғасуымен, ақшалай кірістердің өсуімен, сондай-ақ шикізатқа қатысы жоқ сектордағы инвестициялардың кеңеюімен қамтамасыз етілді. Ұлттық банк бақылайтын іскерлік белсенділік индикаторы сегіз ай қатарынан оң аймақта қалып отыр.

«Проинфляциялық тәуекелдер де сақталуда. Сыртқы орта тарапынан олар Ресейдегі неғұрлым жоғары инфляцияға және әлемдік азық-түлік бағасының артуына негізделсе, ішкі ортада тұрғын-үй коммуналдық қызмет тарифтері өсуінің жалғасуына, фискалдық ынталандыру,тұрақсыз инфляциялық күтулер мен тұтынушылық кредиттеудегі өсімнің оң динамикасы жағдайында орнықты ішкі сұраныстың сақталуына байланысты. Ортамерзімді перспективада инфляция бойынша 5% мақсатқа қол жеткізу ұстамды қатаң ақша-кредит шарттарын сақтауды талап етеді. Тәуекелдер балансып роинфляциялық жаққа ығысып отыр. Инфляцияның орнықты бөлігі тұрақты түрде төмендесе және сақталып отырған фискалдық алшақтықты қаржыландыру мәселесі тиімді әрі жүйелі шешімін тапқан жағдайда базалық мөлшерлемені байыппен және теңгерімді түрде төмендетуге мүмкіндік болады», — деп мәлімдеді ҰБ.

Ұлттық Банк келіп түсетін деректерді, жалпы және базалық инфляцияның таргетке жақындау траекториясын қадағалайды.

Айтып өтелік, негізгі көрсеткішке қатысты шешімді Ұлттық банк жылына сегіз рет қабылдайды. Былтыр базалық мөлшерлеме жыл басындағы 16,75 пайыздан 15,75 пайызға дейін азайды.

Сурет: ҰБ

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Ақша-кредит саясаты комитеті Базалық мөлшерлеме ҚР Ұлттық Банк
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.