Қазақстан мен Корея заңсыз жұмыс істеген қазақстандықтарға айыппұлсыз елден шығуға мүмкіндік беретін ерікті қоныс аудару бағдарламасының мерзімін ұзартты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Қазақстандықтар бағдарламаны 2025 жылдың желтоқсанынан 2026 жылдың ақпанына дейін пайдалана алады. Бағдарламаға қатысу үшін төлқұжат, өтініш және әуе билеті қажет.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары Асқарбек Ертаевтың айтуынша, қазір 11 мың қазақстандық Оңтүстік Кореяда заңсыз жұмыс істеп жүр.
2024 жылы аталған министрлік басшысы Светлана Жақыпова Кореяның Еңбек министрлігімен меморандумға қол қойды. Шарт бойынша Оңтүстік Кореяға жұмыс істеуге барғысы келетіндер арнайы орталықтарда дайындалып, тіл үйренетінін, одан кейін халықаралық сетрификат алып шығуға тиіс болды.
Жақыпова Кореядағы Қазақстан елшілігінде жұмыс визасымен айналысатын адам жұмыс істеуге тиіс екенін де атап өтті. Ішкі істер министрлігі мигранттарды қайтарумен шұғылданады деп уәде берді.
Оқыңыз: Қазақстан шетелде жұмыс істейтіндерге неге қауіпсіз маршрут ұсынбайды?
фото: freepik.com

