Қазақстанда 2025 жылға дейін отырғызылуға тиіс 2 млрд ағаштың тек 800 миллионы ғана өсірілгені анықталды. Бұл туралы AMANAT партиясының депутаттарының ресми сауалынан мәлім болды.
Бастапқыда Экология министрлігі Өнеркәсіпті дамыту фонды арқылы орман шаруашылықтарына жеңілдетілген 3% мөлшерлемемен 354 өрт сөндіру көлігін, патрульдік кешендер мен трактор сатып алуды жоспарлаған.
Бірақ биыл орман шаруашылықтары тек 136 патрульдік кешен мен 60 трактор алған.
Үкімет 2025 жылға дейін 2 млрд ағаштың 40%-ын ғана отырғызды
2024 жылы президент Тоқаев ел аумағында 2 млрд ағаш отырғызуды тапсырды. AMANAT партиясының депутаттары жоспардың орындалмауына техника жетіспеушілігі мен өскіндердің сапасы себеп болғанын айтады.
Қазір жобаны 2027 жылға дейін ұзарту ұсынылып отыр.
Sarapshy.info редакциясы уәделенген ағаштардың қалай егілгені жайлы зерттеу жүргізіп, Батыс Қазақстанда көшеттердің бар-жоғын дрондар арқылы тексеріп көрді.
Батыс Қазақстан облысында 5 жыл ішінде 56,57 миллион түп ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 2,64 миллиард теңге қаражат бөлінген.
Талдау нәтижесіне сүйенсек, БҚО-да егілген ағаштардың тек 6,8%-ы жерсінген. Сарапшылар бұған кей ағаштардың тамыры ұзын әрі қатты болғандықтан тайыз жыртылған жерге енбей, өліп қалатынын атап өтті. Жаңбырлы не ыстық ауа-райы да жерсінуге кедергі келтіреді.
фото: freepik.com

