Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Киік мүйізімен ұсталғандардың бәрі экологиялық айыппұл төлемейді
Дария Ғұмар жаңалық 17/07/2025

Киік мүйізімен ұсталғандардың бәрі экологиялық айыппұл төлемейді

БҚО-дағы киік популяциясы
Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстанда киік мүйізін тасымалдау бойынша қылмыстық іс құрамы жағдайға байланысты сараланады.

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан 14 шілдеде президент қол қойған қылмыстық заңнама бойынша бірқатар бап нақтыланғаны туралы жазды.

Ең бастысы, киік дериваттары мен бекіре балығы өнімдеріне қатысты жаза бірнеше санатқа жіктеледі. Бұған дейін Қылмыстық кодекстің 339-бабының аясында киік мүйізін немесе қызыл балық өнімдерін сақтаған, тасымалдаған немесе сатқан азаматтар браконьерлермен тең жазаланды. Сот айыпталушыларды миллиондаған теңге залалды өтеуге міндеттейтін.

  • ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының толық аты — «Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу».


Мәжіліс депутаты Абзал Құспанның сөзінше, бұл баппен айыпталғандардың басым бөлігі киік атып, табиғатқа тікелей зиян келтіргендер емес.

«Олар – даладан киік мүйізін теріп алған, сол өнімді сақтаған, сатқан немесе сатып алған, тасымалдаған (көбіне таксишілер) азаматтар. Соған қарамастан, олар «табиғатқа зиян келтіруші браконьер» ретінде қатаң жазаға тартылып келді», – дейді депутат.

Осы жағдайға байланысты Абзал Құспан бірнеше рет үкімет пен бас прокуратураға сауал жолдаған. Бірақ нәтиже болмаған соң Қылмыстық кодекстің өзіне өзгеріс енгізуге ұсыныс білдірген.

339-баптың жаңа нұсқасында браконьер мен өнімді тасымалдаушы, сақтаушы немесе сатып алушы азаматтар бөлек тәртіппен жазаланады.

“Бұдан былай киікті (немесе бекіре балығын) заңсыз атқан (аулаған) адам мен оның өнімін тұтынған азаматтардың әрекеті жеке-жеке дәрежеленеді. Себебі нақты экологиялық зиян келтіруші – браконьердің нақ өзі. Тиісінше, табиғатқа келген залалды да дәл сол адам өтейді”, – деп нақтылады Абзал Құспан.

Жаңа бапта киік не бекіре өнімін сатып алу, сақтау, тасымалдау, сату – істің жеке құрамы ретінде көрсетіледі.

Президент заңға қол қойған күннен бастап 60 күннен кейін осы баппен айыпталған азаматтар соттан жазаларын қайта қарауды сұрай алады.

БҚО-да шілде айынан бастап киік ату басталды. Ресми мәлімет бойынша, өңірде шамамен 2,3 миллион ақбөкен тіршілік етеді. Мамандардың айтуынша, киік популяциясының шамадан тыс көбеюі жайылым тапшылығын туындатып, мал шаруашылығына кедергі келтіріп отыр. Сонымен қатар киіктердің жаппай көші республикалық және облыстық жолдарда көлік апаттарының жиілеуіне себеп болған. Ауланған киіктердің еті өңдеуге жіберіледі.

Айта кетейік, елімізде сирек жануарларды, соның ішінде ақбөкендерді заңсыз атқандар үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ал заңсыз балық аулағаны үшін жеке және заңды тұлғаларға 78 000 теңгеден 390 000 теңгеге дейін айыппұл салынып, әр балық үшін келтірілген залалды өтеу міндеттеледі.

 

фото: Sarapshy.Info

Автор

  • Дария Ғұмар

    Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.

    Барлығын қарау
Ақбөкен бекіре балық браконьер заң жобасы Киік
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.