KazRosGas Еуропадағы шектеулерге байланысты Қазақстанға пропан-бутан жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл ақпарат компанияның 2024 жылға арналған аудит есебінде көрсетілген.
Пропан-бутан – сұйытылған көмірсутек газына арналған қоспа.
2023 жылдың қарашасында Энергетика министрлігі елде сұйытылған мұнай газының тапшылығы туындаған жағдайда KazRosGas ресурстары есебінен жылына 90 мың тоннаға дейін газ импортталатыны туралы мәлімдеген.
Аталған компанияның сұйытылған газды сату бағасына қатысты сұрақтар туындап отыр. Есепке сәйкес, сұйытылған газ «Газпромның» еншілес ұйымдарына өте төмен бағамен өткізіледі.
Бұған қоса, KazRosGas өніміне қосалқы құн салығы салынбайды.
Айта кетейік, есепте Тимур Турловтың KazRosGas компаниясынан «Central Asia Gold Corp» ЖШС арқылы алтын барлау және өндіру құқығын 18,2 млрд теңгеге сатып алғаны да көрсетілген.
фото: freepik.com

