29 қарашада таңғы 06:06-да Каспий құбыр желісі консорциумында катерлер шабуылынан кейін мұнай тиеу тоқтатылды. Бұл туралы консорциумның баспасөз қызметі хабарлады.
Шабуыл кезінде ВПУ-2 атты айлақша құрылғысы зақымданған. Мұнайды тиеу жұмыстары дереу тоқтатылып, танкерлер акваториядан шығарылды. Жұмысшылар арасында зардап шеккендер жоқ.
КҚЖК мәліметінше, қорғаныс жүйесі іске қосылып, құбырлар жабылған, мұнайдың теңізге төгілуінің алдын алған.
Бұған дейін 25 қарашада ұшқышсыз ұшатын аппараттардың соққысы салдарынан құбырдың Новороссийск маңындағы әкімшілік корпусы зақымдалды.
фото: istockphoto.com

