Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жексенбі, 8 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»жаңалық»Каспий құбыр консорциумы дрон шабуылынан кейін қалыпты жұмыс істеп тұр
Наргиза Ерес жаңалық 22/02/2025

Каспий құбыр консорциумы дрон шабуылынан кейін қалыпты жұмыс істеп тұр

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Каспий құбыр консорциумына жасалған дрон шабуылына қарамастан, Теңіз кен орнынан мұнай үздіксіз жүріп жатыр. Бұл туралы «Интерфакс» басылымы хабарлады.

 «Теңізшевройл» компаниясы шикі мұнай өндірісі мен оны Каспий құбыр консорциумы арқылы айдау жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр», – деп хабарлаған компания.

 Ақпанның 17-сі күні Каспий құбыр консорциумы (КҚК) Ресейдің Краснодар өлкесіндегі «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына дрон шабуылы жасалғанын хабарлады. Шабуыл салдарынан мұнай айдау көлемі төмендеп, станцияның жұмысы уақытша тоқтады.

Ресейдің вице-премьері Александр Новак мұнай айдау станциясының жөндеу жұмыстары бірнеше айға созылатынын, шикізат жеткізу көлемі 30-40%-ға төмендеуі мүмкін екенін айтқан еді.

Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстан мұнайының 80%-ы экспортталады. Ресей тарапы осыған байланысты Қазақстан да зардап шегеді дегенді меңзеген. Ресейдің  сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл оқиғаны «Қазақстан энергетика инфрақұрылымына тікелей шабуыл» деп бағалады.

«Іс жүзінде Қазақстанның энергетика инфрақұрылымына шабуыл жасалды және оған не түрткі болды дегенге келсек… Киевте отырған әлдекімнің мұндай бұйрық беруіне көп себеп келтіруге болады немесе оның негізінде не жатқанын тек болжай аламыз. Десе де осы жағдай бәріне «бұлай жалғасуға болмайды» дегенді айқындап, [Зеленский] мен оның командасын жөнге келтіріп, қолын қағатын уақыт келді дегенді нақ көрсетті», – деді Лавров. 

Осыған дейін мәжіліс депутаты Никита Шаталов КҚК-ға дронмен шабуыл жасағаны үшін Украинаны жауапкершілікке шақыру қажет деді.

«Дүйсенбіде КҚК шабуылға ұшырады және украин жағы бұл үшін жауапкершілікті мойнына алды. Шабуылдаушы тарап «Ресейдің қарулы агрессиясын қолдайтын стратегиялық нысандарға соққы жасау» құқығын бар екенін айтты. Бұл ұстанымға экономикалық және дипломатиялық тұрғыда қайшылық өте көп, мұны не үшін жасады деген сұрақ бар. Украина жағы бұл құбыр бойынша айдалатын мұнайдың 90 пайызы Қазақстандікі екенін, Теңіз кенішінен өндірілетінін, одан шикізатты Еуроодаққа тасымалдайтын Батыстың түрлі компаниялары пайда көріп отырғанын білмеуі мүмкін емес», — деп мәлімдеме жасаған депутат өз телеграм арнасында.

Ал Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Украина Ресей аумағында қай нысанға шабуылдайтыны жөнінде ешкіммен ақылдаспайтынын айтты.

«Қазақстанның Украинаға бірдеңе деуге қақы жоқ деп ойлаймын. Украина — өзінің халқын, елін, мемлекеттігін қорғап отырған ел. Ол — агрессорға қарсы соғысып жатқан ел. Біз оған не деп айтамыз? Біздің құбырды жарып кеттің деп айтамыз ба? Ол құбыр Россияның жерінде тұр. Қазақстанның жерінде тұрса, әрине, біз айта аламыз. Ол — Ресейдің меншігі. Біз сол Ресейдің құбыры арқылы Батысқа мұнай шығарып жатырымыз. Айналып келгенде әңгіме бізге де тиеді, “Ресейден басқа сендерге бағыт қалмады ма?” деген тұрғыда сұрақтар туады», — деген мәлімдеме жасады депутат мәжіліс кулуарында.

ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл мәселе жөнінде Украина тарапымен талқылайтынын мәлімдеді. Кездесу Астана немесе Киевте ұйымдастырылуы мүмкін.  Сарапшылар мұнай құбырының істен шығуынан Қазақстан бірнеше млн доллар қаражат жоғалтады деп есептейді.

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Кропоткинская» мұнай айдау станциясы Дрон шабуылы Каспий құбыр консорциумы КҚК Ресей Теңіз кен орны Украина дроны
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Экономика

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

06/06/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Сұқбат 06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

Экология 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Экономика 06/06/2025

Илон Маск Трампқа импечмент жариялауды құптайды

Саясат 06/06/2025

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

06/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.