Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 6 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Бірқатар облыста кәріз жүйесіне арналған жобалар қаражаты тиімсіз жұмсалғаны анықталды
Наргиза Ерес sarapshy.info 19/12/2024

Бірқатар облыста кәріз жүйесіне арналған жобалар қаражаты тиімсіз жұмсалғаны анықталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Кәріз жүйесіндегі нысандар бойынша жүргізілген аудит нәтижесінде 18,7 млрд теңге қаржы дұрыс пайдаланылмағанын анықталды. Одан бөлек 23,4 млрд теңге бюджет қаражаты мен активтерін кәдеге жарату дұрыс жоспарланбаған. Ал 26,7 млрд теңге тиімсіз жұмсалса, 17,3 млрд теңге көлемінде шығын мен түспей қалған пайда есептелінген.

Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайыловтың осы саладағы тексеріс қорытындысын баяндады.

Нақтырақ айтқанда, республика бойынша 67 қалада кәріз тазарту станцияларын жаңадан салып, жөндеу мен жаңғырту қажет, ал 27 қалада мұндай станциялар мүлде жоқ.

Одан бөлек аймақтар арасында қаражат бөлу кезінде әділетсіздікті байқауға болады. Мысалы, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарында кәріз желілері қатты ескірсе де, негізгі қаражат Астана қаласы мен Түркістан және Алматы облыстарына бөлінген.

Су бұру бойынша 27 күрделі жобаны сараптама жасауға құқығы жоқ ұйымдар тексерген, бұл – заңға қайшы. Сонымен қатар Түркістан мен Қарағанды облыстарында, Шымкент пен Астана қалаларында 15 жобаның іске асыру мерзімі кешіккен. Кейбір жобаның құжаттары қайта тексерілмеген. Нәтижесінде, 35 жобаның жалпы құны 109 млрд теңгеден 180 млрд теңгеге дейін, яғни 70 млрд теңгеге артқан.

Сондай-ақ бақылау жеткіліксіз болғаннан кейбір дайын нысандар пайдаланылмай бос тұр. Мысалы, Қарағанды облысының Приозерск қаласында 1,9 млрд теңгеге салынған тазарту құрылысы 2017 жылдан бері іске қосылмаған. Ал Түркістан мен Шығыс Қазақстан облыстарында кәріз желілері болмағандықтан, 5,6 млрд теңгеге салынған тазарту станциялары жұмыс істемей тұр.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілдеріне Әлихан Смайылов өңірлер бойынша жағдайды толық бақылдауды тапсырды:

«Цифрландырусыз, анық ақпаратсыз шығындарды тиімді жоспарлай алмайсыздар. Жағдайды жалпы ел бойынша, өңірлер бөлінісінде және инфрақұрылым түрлері бойынша тұтастай көре алу қажет. Ең маңызды мәселелерді бірінші кезекте шешу керек. Сапалы мониторинг болмаса, болжамға ғана сүйеніп әрекет етесіздер, яғни қай өңір бірінші келсе, сонымен жұмыс істейтін боласыздар. Бұл дұрыс емес және тиімсіз», — деді ол.

Аудит нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі жұмыстар толық аяқталғанға дейін Жоғары аудиторлық палата бақылауды жалғастыратынын мәлімдеді.

Сурет: pexels.com

 

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
аудит нәтижесі бюджет дұрыс жоспарланбаған инфрақұрылы Кәріз жүйесі
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
жаңалық

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025
жаңалық

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

11/05/2025

Жаңа мақалалар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

Сұқбат 06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

Экология 06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

Экономика 06/06/2025

Илон Маск Трампқа импечмент жариялауды құптайды

Саясат 06/06/2025

Атыраудағы жер сілкінісі: аңыз ба, ақиқат па?

Біздің сараптама 24/05/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

«Деобанд жамағаты мәзһаб мәселесінен гөрі оппозициялық ұстанымымен ерекшеленді»

06/06/2025

БҚО-да 560-тан астам киік суға батып кеткен

06/06/2025

Ресейдегі инфляция, мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан экономикасын тежеп отыр – ҰБ

06/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.