Қазақстан Республикасының Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы ҰҚК сыбайлас жемқорлыққа қатысты іс-қимыл қызметі хабарлады.
2 тамызда әлеуметтік желілер мен бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Көлік вице-министрі Сәтжан Абләлиевтің ұсталғаны жөнінде ақпарат тараған болатын.
ҰҚК жариялаған видеода Абләлиевтің үйінен қомақты сома табылғанын көруге болады.
Сәтжан Абләлиев 2023 жылдың қазан айынан бастап Көлік вице-министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болған, сондай-ақ автомобиль жолдары комитетінде қызмет атқарған.
ҰҚК бұл іске қатысты басқа мәліметтерді жариялауға заң тыйым салатынын атап өтті.
фото: видеодан алынған кадр

