Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 10/10/2024

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлерге 10,1 млрд теңге төленді

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккен 615 кәсіпкерге 10,1 млрд теңге өтемақы төленді.

Ұлттық экономика министрлігінің ресми мәліметінше, су тасқыны салдарынан шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне (ШОК) келтірілген мүліктік шығындарды өтеу қағидалары шеңберінде жергілікті атқарушы органдар ШОК субъектілерінің залалды өтеу туралы өтінімдерін қабылдау және қарау бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

Үкімет резервінен кәсіпкерлердің шығындарын өтеу үшін 12,1 млрд теңге сомасында қаражат бөлінді.

«1 қазандағы жағдай бойынша ШОК субъектілерінен 15 млрд теңге сомасына 764 өтінім түсті. Шамамен 12 млрд теңге сомаға 630 өтінім бойынша оң шешім қабылданды. Оның ішінде 10,1 млрд теңгеден астам сомаға 615 өтінім (өтінімдердің жалпы санының 80,4%-ы) бойынша төлемдер толық көлемде жүргізілді», — делінген ҰЭМ хабарламасында.

30 кәсіпкердің өтемақыға қатысты өтініші кері қайтарылған. Қалған зардап шеккен объектілер бойынша бағалау және сметалық жұмыс жалғасып жатыр. Бағалау аяқталғаннан кейін өтінімдер өңірлік комиссиялардың қарауына шығарылады.

Өтемақыға өтініш негізінен Атырау (423 өтінім) және Солтүстік Қазақстан (107 өтінім) облысы кәсіпкерлерінен түскен. Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысынан – 87, Қостанай облысынан – 68, Ақтөбе облысынан – 51, Ақмола облысынан – 28 өтінім түскен.

Елде көктемгі тасқынның шығыны әлі де есептеліп жатыр.

«Алдын ала есептеулерге сүйенсек, су тасқынынан келген шығын 300 млрд теңгеден асады. Бұл нақты сан емес. Әлі бөгеттер, жолдар, құбырлар қалпына келіп жатыр. Содан кейін нақты есепті береміз», — деген еді Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев.

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Көктемгі су тасқыны ҚР Үкімет резерві Ұлттық экономика министрлігі ШОК субъектілері
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.