ҰҚК-ға қарасты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің басшысы болып Нұржан Құсайынов тағайындалды. 8 шілде күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев өкімге қол қойған.
2019 жылы Н. Құсайынов ҰҚК Экономикалық қауіпсіздік қызметі 5-ші департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарды. 2025 жылдың 5 мамырында Нұржан Маратұлына «Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры» атағы берілді.
2025 жылдың 30 маусымында президент жарлығымен жаңа ведомство – «ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі» құрылды.
Бұған дейін ҰҚК Антикор штаттық режимде жұмысын жалғастыратынын хабарлады.
Автор
-
Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған республикалық сараптамалық ақпарат агенттігі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.
Барлығын қарау

