Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Суббота, 28 июня
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Қаржы»Jusan Bank банкрот болуы мүмкін бе?
Редакция Қаржы 28/06/2025

Jusan Bank банкрот болуы мүмкін бе?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қазақстандағы «Alatau City Bank» АҚ (Jusan Bank) қаржы есебіне байланысты дау-дамай  өршіп келеді.

2024 жылы Мәскеудің арбитраждық соты First Heartland Jusan Bank-ті ресейлік «Регион-Строй» компаниясының пайдасына 4,4 млрд рубль (шамамен 22 млрд теңге) көлеміндегі қаражатты өндіріп беруге міндеттейтін шешім шығарған. Алайда 2024 жылға арналған қаржы есебінде банк қарызының бар екенін көрсетпеген.

 Ernst & Young: үлкен төрттіктің беделіне дақ түсті ме?

Банктің аудитін жүргізген Ernst & Young (EY) компаниясы 2025 жылы 31 наурызда қаржылық есептілікті растап, банк қызметін сенімді және ашық деп бағалаған. Алайда  есепте заңды күшіне енген сот шешімі мен тиісті қаржылық міндеттеме көрініс таппаған. Бұл халықаралық қаржылық есеп стандарттарына (МСФО 37) тікелей қайшы.

Ал EY өз қорытындысында: «Банк тарапынан елеулі сот даулары жоқ» деп мәлімдеген. Бірақ ресейлік соттың шешімі 2024 жылы күшіне енген.

«Регион-Строй» уәжі бойынша EY бұл жағдайды тексерудің ең қарапайым жолы — Ресейдің арбитраждық сот сайтында ашық қолжетімді ақпаратты қарап шығу арқылы анықтай алатын еді. Бірақ компания аудиторы бұған көз жұма қарап, банк пен реттеушілерге қате ақпарат берген.

Соның нәтижесінде банктің 2024 жылғы таза пайдасы 14,2%-ға артық, ал капиталы $50 млн-ға жоғары көрсетілген. Бұл деректер банктің нақты жадғайы туралы ақпараттың бұрмалануына, Kaspi.kz акционері Вячеслав Кимнің Jusan Bank-ті сатып алу мәмілесінің мақұлдануына себеп болған.

Банкроттық басталды: Jusan Bank ресейлік соттың бақылауында

26 мамыр күні «Регион-Строй» компаниясы Jusan Bank-ті банкрот деп тану туралы ресми талапарыз беріп, оны Мәскеу арбитраждық соты қабылдады. Бұл автоматты түрде банкке қатысты бақылау режимін енгізіп, соңғы үш жылда жасалған мәмілелерді тексеруге, соның ішінде банктің акцияларын сату мәмілесіне де шектеу қоюға мүмкіндік береді.

Сот ісінде «Регион-Строй» өкілі ретінде конкурстық басқарушы әрекет етуде. Айта кетерлігі, бұл компанияның өзі де Ресейде банкрот деп танылған. Оның жалғыз иесі — Андрей Кузьмин. Осыған қарамастан, оның Jusan Bank алдындағы талаптары ресейлік сотта заңды деп танылып отыр.

ҚНРДА: реттеуші неге немқұрайлы қараған?

Жағдайдың ушығуына Қазақстанның Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне қатысты сауал көп. Агенттік Jusan Bank-тің 2024 жылғы есебін заңсыз деп танымады әрі акцияларды сатып алу мәмілесін тоқтатпады. Бұл өз кезегінде инвесторлар мен салымшыларға қатысты сын-қатерді күшейтті.

Сот агенттік пен аудиторлық компанияны жауапқа тартпақ. Kaspi.kz акционері Вячеслав Ким де сотқа қатысады.

«Регион-Строй» өкілі, бизнес-консультант Дінмұхамед Табылды бұл жағдайды банкке шабуыл емес, «заңдылық пен қаржылық ашықтықты қалпына келтіруге бағытталған әрекет» деп сипаттады. Талап қоюшы EY аудитіне түзетулер енгізуді талап етіп отыр

Құқықтық салдар: кім жауап береді?

«Регион-Строй» мәлімдемесіне сәйкес, Jusan Bank пен Ernst & Young әрекеттерінен мынадай қылмыстық белгілер көрінеді:

«Әдейі банкрот жасау»,
«Қаржылық құжаттарды қолдан жасау»,
«Алаяқтық»,
«Банкроттыққа байланысты заңсыз әрекеттер».

Егер бұл баптар бойынша қылмыстық іс қозғалып, жауапкер кінәсі дәлелденсе, бұл Jusan Bank-тің лицензиясын жоғалтуына, халықаралық аудит сапасына деген сенімнің күрт төмендеуіне әкелуі мүмкін.

Jusan Bank дауы — бір компанияның техникалық қателігі емес, қаржылық ашықтық, аудиттің шынайылығы және реттеу жүйесінің сенімділігіне қатысты дабыл. Арбитраждық алғашқы сот отырысы 6 тамызда өтеді.

фото: ЖИ-генератор

Редакция бұл ақпараттардың растығына немесе тараптардың кінәсіздігіне қатысты ешқандай құқықтық баға бермейді. Материал тек қоғамдық маңызы бар оқиғаны объективті шолу ретінде ұсынылады және қорытынды шешімді тек құзырлы органдар қабылдайды.

Автор

  • Редакция

    Sarapshy.info – 2021 жылы қазан айында тәуелсіз медиа ретінде жеке бастама болып құрылған ақпарат көзі. Қазіргі күні агенттікті вебсайт, Instagram, Facebook, TikTok желілеріндегі парақшалар, Телеграм арнасы, ресми Youtube арнасы құрайды. 100% қазақ тілінде ақпарат таратады. Редакциясы Орал қаласында орналасқан.

    Барлығын қарау
Alatau City Bank Jusan Bank аудит қаражат Сот
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қаржы

Қазақстандағы депозит нарығында теңге долларды ығыстырып келеді

28/06/2025
Қаржы

Жарты жыл бойы ақша айырбастайтын орындарда рубльге сұраныс азайып келеді

27/06/2025
Қаржы

ForteBank толығымен Home Credit банкін сатып алады

27/06/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстандағы депозит нарығында теңге долларды ығыстырып келеді

Қаржы 28/06/2025

Jusan Bank банкрот болуы мүмкін бе?

Қаржы 28/06/2025

Қазақстанда үйленетін жұптар неке қию үшін көбіне тамыз айын таңдайды

sarapshy.info 28/06/2025

Жарты жыл бойы ақша айырбастайтын орындарда рубльге сұраныс азайып келеді

Қаржы 27/06/2025

Қарағанды облысында ауылды шаң-тозаңға бөктірген кәсіпорын айыппұл төледі

Экология 27/06/2025
Сайт мұрағаты
Июнь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  
« Май    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы депозит нарығында теңге долларды ығыстырып келеді

28/06/2025

Jusan Bank банкрот болуы мүмкін бе?

28/06/2025

Қазақстанда үйленетін жұптар неке қию үшін көбіне тамыз айын таңдайды

28/06/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.