2,2 млрд теңгені қолды қылған ЭКСПО-2017 компаниясының бұрынғы кеңесшісі Айдос Есполовқа қатысты тергеу ісі басталды. Бұл туралы КазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады.
Айдос Есполов – Нұрсұлтан Назарбаевтың үшінші әйелі Асел Құрманбаеваның туған бауыры. Ол сондай-ақ Евразия технологиялық университеті мен «Alatau Asset Management Company» компаниясының құрылтайшысы қызметін атқарған.
Таяуда құзырлы органдар Есполовты қамауға алған, қазір ол тергеуден өтіп жатыр.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

