Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов жаңа қызметке тағайындалды. Ендігі уақытта ол Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарады. Бұл жөнінде Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ол бұған дейін ҚР Президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарған.
Оралов кім?
Асхат Оралов Павлодар облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін және Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (МГИМО) тәмамдаған. PhD докторы. Еңбек жолын 2011 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы департаментінде жастар ұйымдарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы болып бастаған.
Ол 2019-2020 жылдары – Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2020-2021 жылдары – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды. 2021-2022 жылдары – Астана қаласы әкімінің орынбасары, ал 2022-2023 жылдары – «Nur Otan», «Amanat» партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды. 2023 жылы Мәдениет және спорт министрі болды.

