2 қыркүйек күні Жомарт Ертаевқа рақымшылық жасалып, бостандыққа шықты. Одан кейін депутат Абзал Құспан бұл шешімнің заңсыз екенін мәлімдеді.
1 қазан күні А. Құспан Ертаевқа қатысты сот қаулысы бұзылғаны туралы жазды. Экс-банкир түзету мекемесіне оралды.
2020 жылы Bank RBK-дан 114 млрд теңгені жымқырғаны үшін Ертаев сотталды. Бұл іс бойынша 36 адам сотқа тартылды.
2011-2017 жылдары экс-банкир сыбайластарымен ірі көлемдегі қаражатты жымқырған.
2021 жылы Bank RBK, Еуразия банкі және Qazaq Bank-тен жалған несие рәсімдеген үшін сот үкімі Ертаевқа тоғыз жыл түрме жазасын кесті. Атышулы іс бойынша оның төрт сыбайласы сотталды.
фото: ЖИ-генератор

