Sarapshy Podcast-тың бұл жолғы қонағы — экобелсенді Дәуренбек Сахым. Подкастта: БҚО-дағы қоқыс полигондарының жағдайы қандай? Экологиялық талаптарға сай ма? Полигондарда қоқысты сұрыптай ма? Құжаты жоқ полигондар қалай жұмыс жасап жатыр? Экология саласына неге инвестор келмейді? Неге барлық ауылдағы полигон заңсыз, бірақ жұмыс жасап жатыр? Экологияға қатысты КПО-мен қандай жұмыс жүргізілуде? КПО-дан экологияға эмиссия үшін төленген қаражат қайда жұмсалып жатыр? Жайықтың құмын бизнеске айналдырған карьерлердің зардабы қандай? Жайықтың тайыздануына, аралдардың пайда болуына карьерлердің қатысы бар ма? «Жайық орманы» резерваты неге құрылмай жатыр? деген сұрақтар талқыланды.
