Индонезияда тергеліп жатқан екі қазақстандық ауыр жазаға тартылуы мүмкін. Жергілікті құқық қорғау органдар олардан 49 грамм метамфетин тәркілеген. Бұл жайында қазақстанық ақпарат құралдары жазды.
Екі күдікті Бали аралында ұсталған. Қазақстандықтар есірткі сатпақ болды деген айып тағылған. Бұл үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін. Дүйсенбіде жеті шетелдік ұсталған.
Индонезияда сотталғандарға ату жазасын қолдануға 2007 жылдан бері мораторий жарияланған.
ҚР Сыртқы істер министрлігі бұл істі бақылауында ұстап отырғанын хабарлады. Джакартадағы Қазақстан елшілігі тергеу органдарымен байланыс орнатқан. Министрлік әзірше басқа ақпаратты жариялай алмайтынын мәлімдеді.