АҚШ президенті Дональд Трамп пен Tesla басшысы, миллиардер Илон Маск жүз шайысып қалды. Дау мемлекет бюджетінің жұмсалуына байланысты. Маск президентке импечмент жариялау керек деген пікірді мақұлдайтынын айтты.
Трамп журналистерге бірнеше миллиард долларды құрайтын мемлекет қаражатын жарату туралы заң жобасын сынаған Масктен көңілі қалғанын айтты. Бұдан кейін Илон Х желісінде бірнеше жазба жариялап, «менің қолдауымсыз Трамп сайлау кезінде дауыс жинай алмайтын еді» деген сыңайды пікір білдірді.
«Мен Илонның маған қарсы сөйлеуіне қарсы емеспін, бірақ ол мұны бірнеше ай бұрын жасауы керек еді», – деп жазды Трамп. Маск президентті кәмелетке толмағандарды саудалаумен айналысқан кәсіпкер Джеффри Эпштейннің ісіне қатысы бар деп айыптады.
Бұл даудан соң Tesla акциясының құны 322-ден 275 долларға, яғни 15%-ға құлдырады. 2021 жылы республикалық партия құрған Trump Media & Technology Group медиа-компаниясының акциялары шамамен 11% жоғалтып, 21,8 доллардан 19,3 долларға дейін төмендеді.
Трамптың компаниясы америкалық президент аты-жөнінің бас әріптерімен сәйкес келетін DJT коды бойынша сауда жасайды. Трампты сынаған жазбаларының бірінде Маск: «Күніңіз сәтті өтсін, DJT!», — деп жазды.
Фото: Nathan Howard/REUTERS