Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Сәрсенбі, 21 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»ICILS 2023 зерттеуі: елдегі Z ұрпақ цифрлық технологияны жетік меңгерді деген түсінік — миф
Наргиза Ерес sarapshy.info 27/12/2024

ICILS 2023 зерттеуі: елдегі Z ұрпақ цифрлық технологияны жетік меңгерді деген түсінік — миф

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

ICILS зерттеуінің бағалауы бойынша Қазақстандағы мектеп оқушыларының цифрлық сауаты зерттеудегі бірінші деңгейдің қарапайым тапсырмаларын орындауға жеткіліксіз.

Атап айтқанда, зерттеуге қатысқан 8-сынып оқушылары базалық дағдыларды қамтитын (гиперсілтеме бойынша өту, қарапайым контент жасау (мәтін енгізу және суретті презентацияға қосу, слайдтарға сәйкес тақырыптар жасау) тапсырмаларды орындауға қиналған. 

Қазақстанда «цифрлық сауат» ұғымына қаншалықты мән беріледі? Осы және өзгеде сұрақтарға зерттеуші, «Connect-ed» қоғамдық қорының цифрлық сауат бағытының жетекшісі Әйгерім Пазылбек жауап берді.

International Computer and Information Literacy Study (ICILS ) — 8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауатын бағалайтын халықаралық зерттеу. Бұл зерттеу оқушылардың компьютер мен интернетті қаншалықты жақсы қолдана алатынын, ақпаратты қалай іздейтінін, бағалайтынын және қолданатынын тексереді.

Әйгерімнің айтуынша, қоғамдағы «Z ұрпақ технологияға жетік, олар технологияларды еркін меңгереді» деген түсінік зерттеу нәтижелерімен сәйкес келмейді. Өйткені  цифрлық сауат көпшілік ойлағандай компьютер мен смартфонды қолдану, TikTok-тағы видеоларды ауыстыру ғана емес, интернеттегі ақпаратты сауатты іздеуден бастап, оны сыни бағалау жатады. 

«Цифрлық сауат ұғымына анықтама беру қиын. Себебі әр елде әртүрлі анықтама береді. Цифрлық технология өзгерген сайын сауат ұғымы да кеңейе түседі. Қарапайым тілмен айтқанда, цифрлық сауат – интернетті, компьютерді басқа да технологияларды өз мақсатына жету үшін қолдана білу. Яғни цифрлық сауатты адам өзіне керек ақпаратты дұрыс іздеп, тауып, оны сыни тұрғыдан талдай алуы, баға беруі керек. Сауаттылық дегеннің өзі – жазу, оқу. Тіпті ол электронды поштаны немесе мессенджерді қолданып, ол жердегі ақпараттың қайсы дұрыс, бұрыс екенін қарастыра білуі десек те болады», — дейді ол.                              

Маманның айтуынша Қазақстанда да цифрлық сауатқа қатысты нақты анықтама жоқ. Елде цифрлық сауатқа экономикалық тұрғыда мән береді және цифрлық сауаттылыққа электрондық үкімет порталымен жұмыс істеу, онлайн мемлекеттік қызметтерді алу, ашық үкімет порталдарының компоненттерін пайдалану және электрондық сауда дағдылары да жатады деп есептейді. 

Қазақстанның зерттеуге қатысып жатқанына көп болмады

«Жақында бұқаралық ақпарат құралдарында қазақстандықтардың цифрлық сауат деңгейі 93%-ға жетті деген ақпарат шықты. Осы ақпараттың астарында не бар? Біздің елде қарапайым халық Egov арқылы онлайн қызметті пайдаланса, цифрлық сауаты  жоғары деп бағалайды», — дейді маман.

Білім беру саласындағы цифрлық сауат пен цифрлық теңдік мәселелерімен жете таныс Әйгерім Халықаралық білім беру жетістіктерін бағалау қауымдастығы (IEA) ұйымдастыратын, әлемде 5 жыл сайын жүргізілетін ICILS зерттеуін атап өтті.

2018 жылы зерттеуге 14 ел қатысты. Олардың ішінде ең төменгі көрсеткіш Қазақстанда (398 балл) болған. 2023 жылы қатысушы елдердің саны 35-ке жеткен.

«Қазақстан бұл зерттеуге екінші рет қатысып отыр. ICILS-тың өзі – жаңа зерттеу. Себебі әлемде негізі компьютерлік және цифрлық сауатты зерттейтін зерттеулер өте аз.  Алғашқы зерттеу 2013 жылы шықты, Қазақстан 2018 жылы бірінші рет қосылды. 2023 жылы екінші рет зерттеуге ілікті. Екі жылдағы зерттеу нәтижесі бойынша Қазақстанның көрсеткіші шамалас. Зерттеу білім беру жүйесіндегі айырмашылықтарды анықтауға, оқушылардың цифрлық дағдыларын жақсарту жолдарын табуға бағытталады», — дейді ол.

ICILS-та 4 деңгей бар:

 1-деңгей (408-ден 492 баллға дейін): Оқушылар интернеттен ақпарат іздеу, электрондық хаттарды жіберу және қарапайым құжаттарды жасау сияқты жеңіл тапсырмаларды орындайды.

2-деңгей (493-тен 557 баллға дейін): Оқушылар ақпаратты талдауды қажет ететін күрделі мәселелерді шешу үшін АКТ-ны пайдалана алады.

Олар сондай-ақ АКТ-ны шығармашылық жұмыс үшін, мысалы, презентациялар жасау үшін қолданады:

3-деңгей (558-ден 622 баллға дейін): Оқушылар әртүрлі саладан білім мен дағдыларды біріктіруді талап ететін күрделі тапсырмаларды шешеді.

4-деңгей (623 балл және одан жоғары): Оқушылар әртүрлі жағдайда күрделі мәселелерді шешу үшін АКТ-ны тиімді және жауапкершілікпен пайдалана алады.

«Балалар туғаннан технологияға бейім болады» деген түсінік – миф.

«Қызық жайт, 4-деңгейге әлем елдерінің ешқайсысы жете алмайды. Барлық мемлекет үшін орташа көрсеткіш – екінші деңгей. Ал Қазақстан бірінші деңгейге де жетпеген. ICILS 2023 зерттеуінде қазақстандық оқушылардың орташа баллы – 407, бұл бірінші деңгейден төмен деңгейге сәйкес келеді және халықаралық орташа көрсеткіштен (476 балл) айтарлықтай төмен. Нәтиже оқушылардың көпшілігі бірінші деңгейге жетеу үшін қажет ең төменгі шекке жетпегенін білдіреді. Оларға компьютерді пайдаланудың негізгі дағдылары, ақпарат іздеу және ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ) көмегімен қарапайым тапсырмаларды шешу оңай емес. Бұл жерде айта кететін жағдай, «қазіргі балалар туғаннан технологияға жақын болады» деген түсінік – миф. Олар ұялы телефонды қолдануды біледі, бірақ шын мәнінде нәтиже олай емес», — деп зерттеу материалдарына сүйеніп тұжырым жасады Әйгерім.

Маманның айтуынша, ICILS зерттеуі елдерді рейтингке қойып, дәстүрлі форматта нәтижелер жарияламайды. Зерттеу қорытындысы әрбір қатысушы ел үшін орташа ұпай беру мен олардың статистикалық талдауы түрінде ұсынылады.

Маманның зерттеуге қатысты берген маңызды мәліметтері:

ICILS 2023 зерттеуінде Қазақстандағы оқушылардың 51%-ы компьютерлік және ақпараттық сауаттылық бойынша 1-деңгейден төмен, 31% -ы 1-деңгейде, 15% -ы 2-деңгейде және 3% -ы 3-деңгейде нәтиже көрсетті. Ешбір оқушы 4-деңгейге жетпеген.

Салыстыру үшін басқа елдердің нәтижелері:

  • Оңтүстік Корея: 540 балл
  • Чехия: 525 балл
  • Дания: 518 балл
  • Қытайлық Тайбэй: 515 балл
  • Бельгия (фламанд): 511 балл
  • Португалия: 510 балл
  • Латвия: 509 балл
  • Финляндия: 507 балл
  • Австрия: 506 балл
  • Венгрия: 505 балл

«Қазақстанның нәтижелері еуропалық және азиялық елдерден айтарлықтай төмен. Әр ел компьютерлік және ақпараттық сауаттылық (CIL) және есептеу ойлауы (CT) бойынша орташа балл алады. Мысалы, Қазақстан тек CIL компонентіне қатысады. ICILS елдердің нәтижелерін салыстыру мүмкіндігін береді, бірақ оларды рейтингке қоймайды. Бұл зерттеудің мақсаты бәсекелестік емес, жақсартуға мүмкіндік беретін салаларды анықтау»,— деді.

Қазақстан мектептеріндегі оқушылар бірінші сыныптан бастап, цифрлық сауат пәнін оқығанымен, бірінші деңгейдегі қарапайым дүниелер ескерілмей жататынын айтады маман.

«Сол пәндерді кім оқытады, қалай оқытады деген есеп жоқ. Цифрлық сауатты тек информатика пәнінде ғана қолданып қоймай, әр пәнге енгізілу керек. Елдегі жаңалықтарды оқысақ, «Оқушыларға компьютер, планшет беріліп жатыр, инфрақұрылым жасалды, байланыс бар, интернет қолжетімді,  WI–FI жұмыс істейді» деп жазып жатады. Бұл жақсы, бірақ біздің компьютерді, интернетті меңгеруіміз дәл осы деңгейде болмауы керек», — дейді ол.

 ICILS 2023 зерттеуінің нәтижелері Қазақстандағы 8-сынып оқушыларының жартысынан көбі қарапайым цифрлық тапсырмаларды орындауға қиналатынын көрсетті. Бұл цифрлық сауатты тек технологиялық құралдарды қолданумен шектеуге болмайтынын, ақпаратты табу, талдау және тиімді пайдалану дағдыларының маңызын көрсетті.

Цифрлық сауатты тек информатика пәнімен шектеудің орнына, барлық пәндерде оны интеграциялау қажеттілігі айқындалды. Сонымен қатар, цифрлық сауаттылықты дамыту тек инфрақұрылымдық мәселелерді шешумен ғана шектелмей, оқушылардың нақты дағдыларын дамытуға бағытталуы тиіс.

 

 Наргиза ЕРЕС

 

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
«Connect-ed» қоғамдық қоры ICILS зерттеуі WI–FI Әйгерім Пазылбек Инфрақұрылым Цифрлық сауат
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025
Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025
sarapshy.info

Түркі халықтары Наурызды қалай тойлайды?

22/03/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.