25 наурызда Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданында ұшқышсыз ұшатын аппарат табылды. Облыстық полиция департаменті бұл деректі растады.
Қазір дронның қайдан келгенін анықтау үшін тексеру жүріп жатыр.
Айта кетейік, 2025 жылы ақпан-наурыз аралығында БҚО-да дрон бөлшектері 8 ауылдан табылды.
Былтыр 23 қазанда Бөрлі ауданындағы Қызылтал ауылына жақын жерде ұшқызсыз ұшатын аппараттың бөлшектері анықталды.
Автор
-
Мақсұт Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық университетінің Халықаралық журналистика факультетінің 2-курс студенті. 2025 жылдан бастап Sarapshy.info сараптамалық ақпарат агентігінің медиа-редакторы қызметін атқарады.
Барлығын қарау

