Германияда құс тұмауының кең тараған өршуі салдарынан мыңдаған жабайы тырна қырылды. Бұл туралы Deutsche Welle басылымы хабарлады.
Фридрих Лёффлер атындағы институттың (FLI) мәліметінше, биылғы індет жабайы құстар арасында кең тараған. Мамандардың айтуынша, Мекленбург–Батыс Померания, Төменгі Саксония және Баден-Вюртемберг аймақтарында ауру ошақтары анықталған.
Биыл тек Ульм қаласының солтүстігіндегі бір фермада шамамен 15 мың құс жойылған.
Германия құстардың Оңтүстік Еуропа мен Солтүстік Африкаға қоныс аударатын негізгі бағытының үстінде орналасқан.
Дегенмен, мамандардың мәліметінше, құс тұмауы адамдар үшін қауіп төндірмейді – вирус тек құстар арасында тарайды және адамға жұқпайды.
фото: freepik.com

