АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен палестиналық ХАМАС арасындағы екі жылға созылған соғысты тоқтату үшін Таяу Шығысқа аттанады. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.
9 қазанда Мысырдың Шарм-эш-Шейх қаласында өткен жанама келіссөздер нәтижесінде Израиль мен Палестина Газаның кей аймақтарында атысты тоқтатып, тұтқындарды босату туралы келісімге келді.
Келісімнің негізгі шарттары
Шартқа сәйкес, тараптар әскери қимылдарды тоқтатып, Израиль өз күштерін Газадан әкетеді.
ХАМАС барлық израильдік тұтқындарды босатуға міндеттелді, ал Израиль жүздеген палестиналықты азат етеді.
Сонымен қатар, Газа секторына азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізетін гуманитарлық көмектің кіруіне рұқсат беріледі.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху келісім үкімет тарапынан ратификацияланған соң күшіне енетінін айтты. 72 сағат ішінде барлық тұтқындар босатылуға тиіс.
Халық реакциясы
Келісім туралы жаңалық Газа мен Израиль халқы арасында қуанышпен қабылданды.
Күні кеше әлеуметтік желіде Испания халқының Палестинаны қолдау мақсатында Барселона көшелеріне шығып, бейбіт шеру өткізген видеосы тарады.
Келісімнің келесі кезеңдері — Газаның соғыстан кейінгі тағдыры мен ХАМАС-тың биліктегі рөліне қатысты мәселелер — әзірге талқылану үстінде.
2023 жылдың 7 қазанында ХАМАС Израильдің оңтүстігіне шабуыл жасады. Қақтығыс кезінде 1200 адамды қаза тауып, 251 адамды тұтқынға алынған еді.
Оған жауап ретінде Израиль «Темір семсерлер» операциясын бастап, ХАМАС-қа қарсы соғыс жариялады.
БҰҰ дерегі бойынша, екі жылға жалғасқан соғыста 67 мыңнан астам палестиналық қаза тапқан.
Қазақстанның ұстанымы
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Газада атысты тоқтату және тұтқындарды босату туралы келісімді қолдады.
2025 жылдың қыркүйегінде Қазақстан БҰҰ қабылдаған Палестинадағы қақтығысты реттеу жөніндегі декларацияны қолдаған 142 мемлекеттің қатарына енді.
фото: Eyad BABA / AFP

