Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Экономика»Шолу»Гүлмира Сатыбалды 12 жылға сотталды
Гүлмира Сарсенғали Шолу 29/08/2024

Гүлмира Сатыбалды 12 жылға сотталды

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот үкімі шықты.

Сот шешімі бойынша Гүлмира Сатыбалды 12 жылға, көлік жүргізушісі Мәди Батыршаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды.

Гүлмира Сатыбалдыға Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Бас бостандығынан заңсыз айыру), 389-бабы 4-бөлігі (Өзінше билік ету), 194-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (Қорқытып алу) бойынша айып тағылды.

Осыған дейін жарыссөз барысында мемлекеттік айыптаушы Гүлмира Сатыбалдыны 13 жылға соттауды сұраған еді.

Оның көлік жүргізушісі Мәди Батырашевқа Қылмыстық кодекстің 126-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Бас бостандығынан заңсыз айыру) айып тағылды.

Гүлмира Сатыбалды мен Мәди Батыршаев Сатыбалдының күйеу баласы әрі бизнес серіктесі Абай Жүнісовті 165 күн қамауда ұстады деп айыпталды.

Сотта Абай Жүнісовтің 165 тәулік қамауда болғаны, сол уақытта сотталушы Сатыбалдының қорқыту арқылы жәбірленушінің және оның жақын туыстарының ақшалай қаражаты мен мүлкін иемденгені анықталды.

Сонымен қатар Гүлмира Сатыбалды жәбірленушіні өзімен аффилиирленген үшінші тұлғаларға мүлік және жарияланған акцияларға құқығын қайта тіркеуге мәжбүрлеп, 1,2 млрд теңге материалдық залал келтірген.

Сот үкімімен Гүлмира Сатыбалды жәбірленуші Абай Жүнісовке 2,6 млрд теңге материалдық, 10 млн теңге моральдық шығын төлейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Айта өтейік, Гүлмира Сатыбалды – Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

Қайрат Сатыбалды 2022 жылы наурыз айында қамауға алынды. Кейін «Қазақтелеком» мен «Көлік сервис орталығы» компанияларынан ақша жымқырды деген айыппен сотталды.

Жыл басында билік оның мемлекетке 650 млрд теңгені қайтарғанын хабарлады.

Жуырда оған қатысты бас бостандығынан айыру орнындағы мерзім бостандықты шектеуге ауыстырылды.

Өз өтінішінде Қайрат Сатыбалды келтірілген залалды өтегенін мәлімдеген.

Сот оның өтінішін қанағаттандырып, бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін 3 жыл 3 ай 7 күн мерзімге ауыстырды.

Ол пробациялық бақылауға алынды.

Сурет: видеодан скриншот / 24.kz

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
2024 Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалды Қайрат Сатыбалды ҚР Қылмыстық кодекс Мәди Батыршаев
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Шолу

Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс бар?

27/11/2025
жаңалық

БҚО-да әйелдер құқығына қайшы қылмыс саны артты

25/11/2025
Шолу

БҚО экономикасының минусы мен плюсі

19/11/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.