Freedom Holding-тен брокерлік шот ашқан салымшылар компания ішіндегі заңбұзушылықтарға шағымданды. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу агенттігі (ҚНРА) мәлімдеді.
Агенттік Freedom Holding пен оған байланысты компаниялардан қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіретін қателіктерді анықтаған. ҚНРА қолданыстағы заңнамадағы банк құпиясын жариялауға тыйым салатын нормаларға сүйеніп, тексеру нәтижелері туралы өзге мәлімет беруден бас тартты.
Freedom Finance және Тимур Турловқа қатысты дау соңғы айларда жиілеп келеді. Компания өзіне тағылған айыпты «беделімізге нұқсан келтіреді» деп жоққа шығаруға тырысқан.
Сонымен қатар, қазір Freedom компаниясының бұрынғы жетекшілеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Freedom Holding-тан зардап шеккен салымшылар президентке тікелей жүгінген.
фото: freepik.com

