Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Среда, 3 декабря
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Редакция жайлы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Енді микроқаржы ұйымдарына қарызын төлей алмай жатқан тұрғындарға омбудсмандар тегін көмектеседі
Наргиза Ерес sarapshy.info 17/12/2024

Енді микроқаржы ұйымдарына қарызын төлей алмай жатқан тұрғындарға омбудсмандар тегін көмектеседі

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2024 жылғы 21 желтоқсанынан бастап Қазақстанда микроқаржы омбудсманы өз қызметін бастайды. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, бұл бастама қарыз алушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

Микроқаржы омбудсманының негізгі мақсаты – азаматтардың құқығын қорғау және микрокредиттерге байланысты дауларды сотқа дейін реттеуге көмектесу. Омбудсман Қазақстан азаматтарының мерзімі өткен қарыздарын реттеу, сондай-ақ коллекторлық агенттіктермен туындаған мәселелерге жауапты.

Омбудсман қалай жұмыс істейді?

Біріншіден, омбудсманның көмегіне тек микроқаржы ұйымдарының (МҚҰ) клиенттері – жеке тұлғалар жүгіне алады.

Егер қарыз алушы микрокредит бойынша қарызын уақытында төлей алмаса және төлем мерзімі өтіп кетсе, ол мәселені шешу үшін алдымен микроқаржы ұйымына жүгінеді. Мақсаты – қарызды қайта құрылымдау (төлем шарттарын өзгерту) және бейбіт келісімге келу. Бірақ кей жағдайларда МҚҰ-мен келісімге келе алмайды.

Бұрын мұндай мәселені шешу үшін қарыз алушы:

  1. Қаржы реттеушісіне шағымданатын;
  2. Сотқа жүгінетін.

Енді 2024 жылдың желтоқсанынан бастап жаңа мүмкіндік пайда болады, яғни микроқаржы омбудсманына жүгіне алады. Омбудсман:

  • Мәселені бейбіт жолмен шешуге көмектеседі.
  • Егер шешім қабылдаса, оны микроқаржы ұйымы да, қарыз алушы да орындауға міндетті болады.
  • Шешімді орындау мерзімі – 30 күн (егер екі тарап басқа мерзімге келіспесе). Бұл процесс сотқа жүгінбей-ақ тез және тегін мәселені шешуге мүмкіндік береді.
  • Омбудсманның құзіреті сотқа жолданған немесе заңды күшіне енген сот актілеріне қатысты істерге жүрмейді. Сондай-ақ дәлелсіз немесе жаңа мән-жайлар анықталмаған өтініштерді қабылдамайды. Тек тәуелсіз төреші ретінде екі жақты дауды сотқа жеткізбей шешуге ықпал етеді.

«Микроқаржы омбудсманының қызметі микрокредит беру нарығын құқықтық алаңда дамытуға ықпал етеді. Бұл институт микроқаржылық ұйымдарды заңнаманы сақтауға және қызмет көрсетудің озық тәжірибелерін енгізуге ынталандырады. Айта кетейік, қазіргі уақытта елде банк және сақтандыру омбудсмандары жұмыс істейді», – деп хабарлады агенттік.

Fingramota.kz сайтының мәліметінше, 2024 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша Қазақстанда микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 220 ұйым, 215 кредиттік серіктестік және 497 ломбард бар.

Сурет: Pexels.com

 

Автор

  • Наргиза Ерес

    Наргиза Ерес - SDU University журналистика мамандығының магистранты, sarapshy.info сайтының журналисі. Бала құқығы бағдарламасына қатысты Gazhaiyp YOUTUBE жобасының авторы. Осы уақытқа дейін Республикалық балалар мен жасөспірімдер басылымы “Ұлан” газетінде, factcheck.kz сайтында жұмыс істеген.

    Барлығын қарау
Жеке тұлғалар кредиттік серіктестік қаржы институты қарыз Қарыз алушы ломбард микрокредит микроқаржы ұйымдары омбудсман
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

жаңалық

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025
жаңалық

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025
жаңалық

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Жаңа мақалалар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

жаңалық 03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

жаңалық 03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

жаңалық 03/12/2025

Цифрландыру отынның «көлеңкелі» айналымын 20%-ға дейін азайтты

жаңалық 02/12/2025

Кореяда қазақстандық мигранттарды ерікті түрде шығару мерзімі ұзартылды

жаңалық 02/12/2025
Сайт мұрағаты
Декабрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  
« Ноя    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

БҚО-да заңсыз салынған 45 құрылыс нысанына тыйым салынды

03/12/2025

Қазақстанға кәсіпкерге алғаш рет цифрлық теңгемен несие берілді

03/12/2025

Ақтау маңында құлаған ұшақ апатын тергеу қорытындысы жарияланады

03/12/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.