Банктер несие төлемін нақты есептеу үшін тұтынушыға онлайн-калькуляторды сайтта ұсынады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ереже жобасын «Ашық НҚА» порталына жариялады.
Қаржы нарығын реттеу агенттігі бұдан басқа да құжаттарды талқыға ұсынған. Қазақстандықтар үшін несие алу қиындай түспек. Жаңа ережелер бойынша тұтынушыға мынадай талаптар қойылады.
Мәселен, онлайн кредит көлемі 150 айлық есептік көрсеткіштен асып кетсе, келесі күні ғана тұтынушы қолына ақша тиеді. Кем дегенде 589 800 теңге алатын болса, 24 сағат күтуіне тура келеді. Келісім туралы құжатқа қарыз алушы Egov порталы арқылы қол қояды.
View this post on Instagram
Бұл жерде айта кететін жайт, 150 АЕК көлемінде бірнеше микроқаржыұйымы онлайн займ беруге келіссе, дәл сол мекеме филиалдарына барып, келісімшарт жасасуға тура келеді.
Егер 3,9 миллион теңгеден көп қарыз алса, онда жұбайыңыздың келісімін алу керек болады. Ерлі-зайыпты бір-біріне келісім бергенін ресми түрде растауы тиіс.
Айта кетейік, Ұлттық банк есебінше микроқаржы ұйымдары 1 мамырға дейін жеке тұлғаларға 1,4 трлн теңге қарыз берген. Ал екінші деңгейлі банктер тұрғындарға 21,1 трлн теңге берген.
фото: pixabay

