Алдағы уақытта табысын жасырып, алименттен жалтарғандарды жасанды интеллект анықтайды. Бұл туралы Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасында айтылды.
Алимент төлеуден қашып жүрген борышкерлерді табу үшін жасанды интеллект элементтері бар бетті тану жүйесі пайдаланылады. Сонымен қатар жоба сот орындаушылардың құзырында жоқ ақпаратты алуға мүмкіндік береді.
Тамыз айында Қазақстанның кейбір қалаларында бейнебақылау камералары прокурорлар қосқан жаңа IT-әзірлемемен жарақтандырылды.
«Жасанды интеллект пен озық технологияларды пайдалану сот актілерін орындау тиімділігін арттырудағы маңызды қадам», — деп айтылды палатада.
Қазір Қазақстанда 11 мыңнан аса әйел баласына алимент төлемей жүр. Ал баласын асыраудан қашқан әкелер саны – 281 мыңды құрайды.
Жалпы қарыз саны 13 млрд теңгеден асқан. Отау құрып, балалы болып, бірақ кейін ажырасып кететіндер де бар. Кейінгі жылдары тіпті көбейген.
Алимент төлемей, жұмыссызбын деп жалтарғандарды арнайы жұмысқа орналастыру мүмкіндігі қарастырылды.
Қазіргі уақытта 13 022 борышкердің екі қолына бір күрек табылған. Ал алимент төлеуден бас тартқан 1 875 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 55 борышкер сотталды.
Сурет: freepik.com