Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Жұма, 23 мая
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»Біздің сараптама»«Елдің қауіпсіздігі үшін әуежайларды жекеге беруді тоқтату қажет»
Нұрлыбек Рахманов Біздің сараптама 07/03/2023

«Елдің қауіпсіздігі үшін әуежайларды жекеге беруді тоқтату қажет»

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

«Оралдағы әуежайдың бөлігі шетелдіктерге сатылды» деген ақпарат шыққан кезде облыстық әкімдікке барып, мән-жайды білмек болған белсенді азаматтардың бірі – Жантас Сафуллин. Ол әкімдікте облыс әкімінің орынбасарымен және әуежайдың 49 пайызын иеленген қазақстандық жеке кәсіпкер Дәулетхан Килыбаевпен кездескен. Кездесуде не айтылғаны жөнінде «DANA» орталығының басшысы Жантас Набиоллаұлы (суретте) айтып берді, деп хабарлайды Baq.kz.

 

-Қилыбаевтан бірнеше мәселені сұрадым. Біріншісі – үлесі. Ол «49 пайыз компанияның емес, жеке өзімнің атымдағы үлес» деді. Екіншіден – қалай және қаншаға сатып алғаны. Оның айтқаны – осының алдындағы әуежайдың иесінен 5 млрд теңгеге сатып алған. «Қандай құжаттарыңыз бар? Сатқан мекеменің құрылтайшылар жиынының хаттамалары, сіздермен жасалған шарттары, сіздің құрылтайшылардың хаттамаларын көруге бола ма? Бағалау жұмыстарын кім жүргізді?» деп сұрадым. Қилыбаев дәл қазір ондай құжаттарды бере алмайтынын айтты, — дейді Жантас Сафуллин.

Жантас Набиоллаұлы әуежайдың жаңа иесіне өзінің күмәнданатын тұстарын айтқан. Олар – әуежайдың терминалының стратегиялық нысан қатарынан шығарылып тасталғаны, алайда ұшу-қону жолағы терминалсыз жұмыс жасай алмайды. Себебі әскери емес, азаматтық. Әуежай терминалы стратегиялық нысанға қазір жатқызылмағанмен – өте маңызды нысан.

-Қилыбаевтан «Әуежайда нені сатып алдыңыз?» деп сұрағанымда, «айналасындағы автокөлік тұрақтарын, терминал ішіндегі қызмет көрсетуді, перрон» деді. Одан кейін өзіне серіктес іздегенін айтты, оны сен мақалаңда жаздың, — дейді.

Жантас Набиоллаұлын алаңдатқан әрі жаңа әуежай иесінен сұраған мәселесі – мұрагерлік.

-Адам мәңгі өмір сүрмейді. Азаматтық заңнама бойынша мүлкін мұрагерлері иеленеді. Ал стратегиялық нысанға байланысты орын иесінің мұрагерлері кім? Отбасы бар ма? Қилыбаев отбасының бар екенін айтты. Ал ғайыптан оқыс оқиға болса, үлесі серіктестер арасында үлеске түседі. Екі пайызды иеленген адам сатып ала ма, әлде 49 пайызды иеленген ресейлік компания сатып ала ма? Егер мұрагерлері иеленсе, олар серіктестеріне сатып жібермей ме? Бұл сұрақтарыма Қилыбаев жауап берген жоқ. Шығатын қорытынды – әуежай терминалдарын стратегиялық нысан қатарынан шығару Қазақстанның мемлекеттік қауіпсіздігіне қайшы келеді. Бұл ұшу-қону жолақтарының қатарына болашақта терминалдарды қайтадан қостыру керек. Егер бұған дейін ешкімге сатылмаған, берілмеген терминалдар болса, мемлекет меншігіне алып қалуымыз қажет, — дейді.

Жантас Набиоллаұлының ұсынысы – мемлекеттен арнайы жауапты мекеме құру немесе бар мекемелерге қатаң жауапкершілікпен ұйымдастыруды тапсыру. Себебі Қазақстанда санаулы әуежай бар. Жиырма шақты әуежайды дамытуды мемлекет өзінің стратегиялық бағыты деп алмайтын болса, онда жай ұшу алаңдарын ұстап отыру ақылға қонымсыз. Жергілікті халыққа қызмет көрсетуді бірге қосып дамытпаса, ұшу жолағы мен терминал бөлек-бөлек дамымайды. Мемлекетте қауіпсіздік бәрінен жоғары тұруы тиіс.

—Біріншіден, терминалдардың барлығын мемлекет өзі салып берді. Яғни белгілі бір кәсіпкерлердің кәсібіне миллиардтап ақша салу. Оның үстіне шетелдік компанияларға. Қазақстандық компанияларға берсе, жалақы да, пайдасы да, салық та осында қалады. Сонда шетелге қаржымыз кетпес еді. Жеке кәсіпкерлердің, соның ішінде шетелдіктердің тұрақты болуына ешкім кепілдік бере алмайды. Мұрагерлік дау болса, ұрпақтары ол кәсіпті жалғастырмауы не тұралатып тастауы мүмкін. Сол кезеңде әуежай қызметін пайдаланатын халық зардап шегеді. Оның артында мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі тұр.

Екіншіден, әуежайды дамытуға әкелінетін шетелдік технология да бір әуежайға сатып алғаннан гөрі, жиырма шақты әуежайға қатар әкелсе арзан әрі тиімді болар еді. Барлығының технологиясы бірдей болса, оларға сервистік қызмет көрсету де жеңілдейді. Ұшақ билетінің құнын да мемлекет реттей алар еді. Ал жеке компания бекіткен бағаны өзгерту барлық кезде оңай емесін көріп отырмыз.

Үшіншіден, ұшып жатқан адамдардың дені өзі азаматтарымыз, шетелдіктер де бар. Олардың қауіпсіздігіне мемлекет жауап беруі тиіс. Азаматтардың өміріне жауапкершілікті жеке компаниялардың мойнына іліп қою дұрыс емес.

Төртіншіден, Қазақстан әлеммен тас жол, темір жол және әуе жолы арқылы байланысады. Әуе қатынасын дамытқан сайын терминалдарды, ұшу-қону жолақтарын көбейтіп, үлкейту қажеттілігі туындайды. Қатынас дамыса, Орал әуежайындағы терминал өте кішкентай болады. Экономикалық тиімді жағы – әуе жүк тасымалы бар, түрлі компанияларымен келісім жасауды мемлекет өз қолына алуы керек. Біз инвесторлардан даму жобасын күтіп жүре берсек, мемлекет өзінің халықаралық қатынастардағы мүмкіндіктерінен айырыла береді.

Бесіншіден, әуежай арқылы өтіп жатқан жүктің бәрі мемлекет қадағалауында болуы маңызды. Геосаяси күрделі кезеңде, көрші елдерде соғыс болып жатқанда, қай мемлекет те соғыс жағдайында қару-жарақ тасуы мүмкін. Мұндай жағдайда жеке компаниялар кінәлі болып, мемлекет сырт қалып, нәтижесінде мемлекеттің зардап шегу қаупі бар.

Осындай жағдайларды екшей келе, әуежайлардағы терминалдарды стратегиялық нысан қатарына қайтарудың қаншалықты маңызын түсінуге болады. Әлі сатылмағандары болса, мұны тоқтату қажет. Сатылғандарды қайтару үшін келіссөздер жүргізілуі керек. Үкімет қаулыларын өзгертсе дейміз, — дейді Жантас Сафуллин

Мамандығы заңгер Жантас Набиоллаұлының айтуынша, терминалдың үстіне әуежайдың атын жазып қою мен оның стратегиялық нысан қатарына жатпауы – заң жүзінде бір-біріне қарама-қайшы. «Әуежай мен терминал бөлек ұғым болса, әуежайдың атын ұшу-қону жолағына жазып қойсын» дейді ол.

-Стратегиялық нысанға үлескер болатын шетелдіктердің шынайы ниетін, арғы пиғылын бәрібір біле алмаймыз. Сондықтан келешек ұрпаққа мәселе емес, жарқын мүмкіндік қалдыруымыз қажет, — деді Жантас Сафуллин.

Нұрлыбек Рахманов,

Орал қаласы

 

 

Автор

  • Нұрлыбек Рахманов

    Нұрлыбек Рахманов - журналист, медиатренер. 2011-2016 жылдары «Орал өңірі» газетінің тілшісі, бөлім редакторы, 2016-2021 жылдары «Жайық Пресс» ақпарат агенттігінің басшысы, 2021-2024 жылдары Sarapshy.info ақпарат агенттігінің бас редакторы болды. Республикалық baq.kz, informburo.kz, nur.kz, stan.kz, qaz365.kz, halyq-uni.kz сайттарының БҚО-дағы тілшісі ретінде тәжірибесі бар.

    Барлығын қарау
орал әуежайы
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Біздің сараптама

Орал тұрғындары көлікті әлі де ауыз сумен жуады: қала техникалық су мәселесін қалай шеше алады?

13/04/2025
Біздің сараптама

Саяжай мәселесі неге назардан тыс қала береді?

27/02/2025
Арнайы жобалар

Мақтаарал мақташыларын алаңдатып отырған су тапшылығының шешімі бар ма?

17/02/2025

Жаңа мақалалар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

sarapshy.info 13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

жаңалық 13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

Экономика 12/05/2025

Қоспаев ісіне экс-әкім Байбектің әкесінің де қатысы бар екені белгілі болды

жаңалық 11/05/2025

Путин келіссөзге дайын екенін мәлімдеді

Әлем жаңалықтары 11/05/2025
Сайт мұрағаты
Май 2025
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031  
« Сәу    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Air Astana әуежайда зардап шеккен баланың әкесіне 5 миллион теңге төлейді

13/05/2025

Анталия қаласында Астана LRT компаниясының басшысы Талғат Ардан ұсталды

13/05/2025

Назарбаев университеті мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының қаражат есебін қадағалау күшейеді

12/05/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.