Close Menu
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube TikTok RSS
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
    • Құпиялық саясаты
  • Бізге жаз
Facebook Instagram Telegram WhatsApp YouTube TikTok
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
Жаңалықтарға жазылу
Понедельник, 7 июля
  • Басты бет
  • Біздің сараптама
  • Саясат
  • Экономика
  • Фактчекинг
    • Уәде
  • Өте өзекті
  • Арнайы жобалар
  • Авторлар
Facebook X (Twitter) Instagram Telegram WhatsApp VKontakte YouTube RSS
SARAPSHY.INFOSARAPSHY.INFO
  • Жоба туралы
  • Жарнама
  • Редакция саясаты
  • Бізге жаз
Басты бет»sarapshy.info»Ең төменгі жалақы деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі алғашқы 10 елдің қатарында. Елдегі еңбекақы күнкөріс қамына жеткілікті ме?
Гүлмира Сарсенғали sarapshy.info 06/11/2024

Ең төменгі жалақы деңгейі бойынша Қазақстан әлемдегі алғашқы 10 елдің қатарында. Елдегі еңбекақы күнкөріс қамына жеткілікті ме?

Бөлісу
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бұл туралы Velocity Global порталы 2024 жылдың 31 қаңтарында «Бүкіл әлем бойынша жұмыс берушілерге нұсқаулық» зерттеуінде жариялаған.

«Ең төменгі жалақысы бар 10 ел» тізімінде Үндістан көш бастап тұр (45 доллар). Ал біздің елдегі ең төменгі жалақы мөлшері 188 доллар (85 мың теңге) деп көрсетілген.

Орта Азия елдерінің ішінде Өзбекстан 80 доллармен үшінші, Армения 187 доллармен тоғызыншы орында тұр. Тізімді Қазақстан аяқтайды. Тіпті Ресеймен соғысып жатқан Украинаның өзінде 177 доллармен сегізінші сатыда.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең төменгі жалақы мөлшері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 70 мың теңгеден 85 мың теңгеге (23 АЕК) өсті.

Сарапшы пікірі: «85 мың теңге халық күнкөрісіне жете ме?»

Осы тұста Sana Analytics сарапшысы Қуанышбек Асылбекұлы Қазақстандағы жалақы көлемін өзге елдермен салыстыру кезінде бірнеше маңызды факторларға назар аудару керек екенін айтады.

– Мысалы Ресейде ең төменгі жалақы шамамен 16 242 рубль, бұл 181 АҚШ долларына тең. Тағы бір көрші мемлекет Өзбекстанмен салыстырсақ онда шамамен 980 000 сум, бұл 79 АҚШ доллары. Осы тұста Ресеймен пара-пар болсақ, Өзбекстаннан екі есе көп деп айта аламыз. Алайда, дамыған мемлекеттерді қарастырсақ, оның ішінде Еуропадағы Германияда бұл шамамен 1920 АҚШ долларыболады. Ал АҚШ-та 1160 доллар. Осыған қарап, Қазақстанда ең төменгі жалақы деңгейі кейбір көрші елдерге қарағанда жоғары болғанымен, бірақ Еуропа мен Солтүстік Американың дамыған елдеріне қарағанда айтарлықтай төмен. Бірақ әр елдің экономикалық даму деңгейі, халқының төлем қабілеті, салық жүктемесі, әлеуметтік қолдау деңгейін салыстыр отырып, өлшеген жөн.

Сарапшы елдегі төменгі жалақы деңгейін көрші елдермен салыстыра отырып, Қазақстанда бұл керемет көрсеткіш деп асығудың орынсыз екенін, қазір бұл жалақы бір адамның бір айлық күнкөрісіне алаңсыз жететініне күмәнмен қарайтынын тілге тиек етті.

Белгіленген жалақы көлемі қарапайым халықтың күнкөріс деңгейіне қаншалықты жетеді деген сауалымызға сарапшы аталған соманың жеткіліксіз екенін айтады.

– Мысалы статистика агенттігіне салсақ 2023 жылы азық-түлік тауарлары 20,5% қымбаттаса, инфляция 18,1% құрады. Осыған сайып келіп 2023 жылғы ең төменгі жалақы мөлшері ретіндегі 70 000 теңгеге шартты түрде инфляция мен азық-түлік бағасына пара-пар 21%-ға, яғни 15 000 теңге қосылып 85 000 теңгеге қарап барлығы түсінікті көрінеді. Алайда, 2024 жылы да осы деңгейде инфляция мен азық-түлік қымбаттауын қарастырсақ, жалақы жеткіліксіз. Сосын елдің азаматтары тек азық-түлікті ғана тұтынумен өмір сүрмейді. Өзге де тауарлар мен қызметтерге сұраныс әрқашан болады. Ал, олардың қымбаттауымен бұл төменгі, тіпті оның шекті қолдану деңгейінде болсын, қаншалықты бір адамға жеткілікті деген сұраққа келгенде, кез-келген азамат жеткіліксіз екенін анық байқайды.

Сонымен қатар бұл бір адамға ғана бекітілген жалақы оның отбасындағы жалғыз табыс көзі болуы мүмкін.

Жалпы елдегі ең төменгі жалақыны бекіту кезінде жауапты мамандар қандай факторларды негізге алады деген сауалымызға сарапшы төмендегідей жауап берген болатын:

– Жоғарыда атап өткендей, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 000 теңге деңгейінде белгіленді. Бұл өткен жылдағы 70 000 теңгеден 15 000 теңгеге өсім бар дедік. Содан кейін 2024 жылы наурызда ҚР Үкіметі айлық жалақының ең төменгі мөлшерін айқындау әдістемесін бекітті.

Осы әдістемеге сәйкес ең төменгі жалақы мөлшері келесі көрсеткіштер негізінде есептеледі:

  • Медианды жалақыны есептейді. Яғни орташа жалақыдан жоғары және төмен алатын екі топты қарастырады.
  • Еңбек өнімділігі, яғни өндіріс тиімділігін көрсететін көрсеткіш, жұмсалған ресурстардың әрбір бірлігіне шығарылатын өнім көлемін көрсетеді.

Сарапшының айтуынша, елдегі ең төменгі жалақыны тағайындау кезінде елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға байланысты өзгеруі мүмкін түзету коэффициентін ескереді.

– Содан 85 000 теңге мөлшері қазіргі экономикалық көрсеткіштерге негізделген, оған қоса біліктілігі төмен жұмысшылардың жеткілікті табыс деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған сома ретінде қарастырылады. Дегенмен, бұл көрсеткішті есептегенде өзге де факторлар, яғни біліктілігі төмен жұмысшылардың табыс деңгейі қаншалықты жеткілікті екендігін анықтайтын, көпшілікке түсінікті болатындай әлеуметтік-экономикалық факторларды барынша ашық қарастыру керек деген ойдамын.

Қорыта келе, сарапшы елдегі күнкөріс деңгейіне ең төменгі жалақының жеткіліксіз екенін айтты. Сонымен қатар инфлияцияның тұрмыс жағдайына және қосымша шығындарға әсерін жоққа шығаруға болмайды. Дамыған елдердегі төмен жалақы деңгейін есепке алсақ, оның қасында Қазақстандағы белгіленген сома түк те емес.

Наргиза Ерес

Сурет: freepik.com

Автор

  • Гүлмира Сарсенғали

    Гүлмира Сарсенғали - журналист. 2020-2024 жылдары "Жайық Пресс" ақпарат агенттігінде SMM-маман, тілші, шығарушы редактор, шеф-редактор болып жасаған. 2024 жылдан бері Sarapshy.info ақпарат агентігінің редакторы.

    Барлығын қарау
«Ең төменгі жалақысы бар 10 ел» тізімі 2024 Velocity Global порталы ҚР
Бөлісу Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

sarapshy.info

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

07/07/2025
Шолу

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

04/07/2025
sarapshy.info

Алматыда кеден бекетінен заңсыз тауарларды өткізген топ сотталды

04/07/2025

Жаңа мақалалар

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

sarapshy.info 07/07/2025

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

Әлем жаңалықтары 07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

Экономика 04/07/2025

«Қарлығаштар ұя салған траншеяларды көмбей кетіп қалдым…». Экосақшының шешімі ел-жұртты тәнті етті

Экология 04/07/2025

Қазақстанда әкімдіктегілер мен полиция қызметкерлері жиі пара алады – статистика

Шолу 04/07/2025
Сайт мұрағаты
Июль 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031  
« Июн    
Advertisement

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті.
Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

ҚР Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің №KZ30VPY00040617 куәлігі берілген.

Поштамыз: sarapshy.info@gmail.com

Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қатты бидай экспорты бір айда екі есе кеміді

07/07/2025

Техаста су тасқынынан қаза тапқандардың саны 82 адамға жетті

07/07/2025

Инфляция қысымы ел экономикасына қаншалықты әсер етеді?

04/07/2025

Sarapshy.info-ға жазыламын

Сараптамалар мен шолуларды тұрақты оқимын десеңіз

© 2021- 2025 «Медиа білім» қоғамдық қоры. Авторлық және жанама құқықтар толық сақталған.

Іздеу үшін Enter пернесін басыңыз. Бас тарту үшін Esc пернесін басыңыз.